«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

2020 жылғы 17 қараша                                                                                           Миялы ауылы

 

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Қызылқоға ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №291-ө өкіміне сәйкес жүргізілді.

 

Көрсетілген өкімнің қосымшасына сәйкес «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы тобы құрылды.

 

Жұмысшы тобының құрамы:

 

Жанқуатов Асылбек Жолдасұлы      

-

Аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмысшы тобының жетекшісі.

 

Жұмысшы тобының мүшелері:

 

Апуов Асхад Жігерұлы

-

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

 

Қазыбеков Қуанышбек Амангелдіұлы

-

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;

 

Қаленов Азамат Қайырғалиұлы

 

 

 

 

Шопанова Айнұр Жұмалықызы

-

 

 

 

 

-

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқытық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы;

 

Аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 17 қараша 2020 жыл.

 

Талданатын мерзім: 2020 жылдың 10 айы.

 

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі №4 үй, тел. 8-71-238-2-13-33, 2-12-42.

 

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әкім аппараты-жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Заңның 38-бабына сәйкес әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы №40 қаулысымен бекітілген «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды.

  • «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есепті кезеңде Қызылқоға ауданы әкімдігімен 258-қаулы, Қызылқоға ауданы әкімімен 25-шешім, 271 өкім қабылданды.

Көрсетілген құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Атырау облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты Прокуратура тарапынан наразылықтар түскен жоқ.

Атырау облысы Әділет департаментімен 2020 жылы 19 шілдеде №6-4-2201 санды шығыс хатымен мемлекеттік тіркеуден өткен «Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы» Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы №125 қаулысына (МТН №3919) қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру үшін Ұсыныс түсті. Ұсыныс бойынша кемшіліктер жойылып, 2020 жылдың 30 қазан күні МТН №4777 нөмерімен тіркеуден өтті.

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша                    19 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 19.

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің саны-4.           А.Апуов-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы 29.01.2020 жылғы №25 өкім, А.Ахметов-аудан әкімінің кеңесшісі, 02.03.2020 жылғы №58 өкім, А.Каленов-аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы, 13.07.2020 жылғы №157 өкім, Ж.Есенгалиев-аудан әкімінің орынбасары (30.06.2022 жылға дейінгі оқу демалысындағы негізгі қызметкердің орыны), 17.09.2020 жылғы №225 өкім.

Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-2. Денсаулығына байланысты - К.Измаганбетов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы, 22.06.2020 жылғы №144 өкім, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты Г.Мусагалиева аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, 07.08.2020 жылғы №181 өкім.

            Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс жасаған кезеңіне беріледі. Аудан әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №57 өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағандары үшін аудан әкімінің 07.02.2020 жылғы №32 және 04.11.2020 жылғы №279 өкімдерімен 2 мемлекеттік қызметшіге «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылған.

Әр жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметшiлерге өткен жыл бойынша кiрiстер мен мүліктер туралы декларация тапсыру қажеттігі ескертіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Аппарат қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетпейді.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

 

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

2020 жылдың есепті кезеңінде Қызылқоға ауданы әкімінің атына 201 өтініш келіп түсті.

Оның ішінде жеке тұлғалардан-155, заңды тұлғалардан-46.

20 өтініш иесінің мәселесі оң шешіліп (жұмыспен қамту бойынша-4, қаржылай көмек-9, жер мәселесі-1, білім мәселесі-1, әр түрлі мәселелер бойынша-5 өтініш), 181 өтініш иесіне заң шеңберінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Қызылқоға ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

 

Прокурорлық кадағалау актілері:

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері түспеген.

 

Сот актілері:

Есепті кезеңде сот актілері түспеген.

 

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер.

Аппарат қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

 

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмысшы тобының жетекшісі

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы;

 

                                          А.Жанқуатов

 

А.Апуов

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Қ.Қазыбеков

   

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқытық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы

                                                    

                                                              А.Қаленов                                          

Аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

       

                                         А.Шопанова

 

«Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
15 декабря 2020