Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тарихы

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тарихы

1944 жыл –құрылған кезде қамсыздандыру ісі екі салада болды. Мемлекеттік және әлеуметтік қамсыздандыру. Мемлекеттік қамсыздандыру Отан соғысында қайтыс болғандар жанұясына жәрдемақы тағайындап бөлген. Отан соғысынан I-II-III топтағы мүгедек, жаралы болып келгендерді зейнетақымен қамту жұмысын әлеуметтік қамсыздандыру мекемесі атқарған.

 

1958 ж.-1998 ж. аралығында жалпыға бірдей зейнетақы заңының өмірге келуіне байланысты ауданның барлық халқына, қарттығына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылған азаматтардың жанұяларына зейнетақы тағайындау, қайта есептеу, Үкімет тарапынан белгіленген әр түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақыларды алып беру жұмыстарымен айналысқан.

 

1998 жыл – зейнетақы төлеу орталығына зейнетақы, жәрдемақы, арнаулы жәрдемақылар тағайындау, төлеуді орталыққа берілді.

 

2001 ж. жұмыссыздар биржасы бөлімге қосылып, мекеменің атауы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болды.

 

Бөлім 2002 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 2001 Ж. 17 шілдедегі «Мемлекеттік атауы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сай, күн көрісі кедейлік шегінен төмен тұратын отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындап, төлеуді жүзеге асырып келеді.

 

ҚР Үкіметінің 28.06.2005 жылғы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес, 2006 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындайды.

 

2011 ж. ҚР Үкіметінің №316 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы қабылданып, «Жұмыспен қамту орталығы» құрылды.

 

21.12.2015 жылғы Қызылқоға аудандық мәслихатының XXXVI – 4 шешіміне сәйкес әлеуметтік келісім шарт негізінде «Өрлеу» жобасы іске асырылуда. 2015 ж. шілде айынан бастап 10 отбасына шартты ақшалай көмек тағайындалуда.

 

2015 ж. 22 мамырда АХАЖ бөлімі қосылып,  аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі болып аты өзгерген.

        Бөлім әртүрлі бағдарламаларға сай, жәрдемақылар, жеңілдіктер, туу туралы куәліктер, қайтыс болу туралы куәліктер беруді жүзеге асырады.

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тарихы
Дата публикации
07 декабря 2020