«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Қызылқоға   аудан  әкімдігінің 2018 жылғы«___»__________

№ ___  қаулысына   3 қосымша

 

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту, спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Әдістемелік, халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің«Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің«Арман мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
  2. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтпаев көшесі, №2. Индекс 060500.
  8. Мемлекеттік органның толық атауы «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  9. Осы ереже «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
  10. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
  11. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер бөлімнің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық  бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы: мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:
  • мәдени-демалыс жұмысы, театр және музыка өнері, кітапхана және мұражай ісі ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін қолдау және үйлестіру жолымен аудан аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;
  • ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраны, рухани дәстүрлердің жандандыру, сақтау, дамыту және таратуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы саясатты жүргізу;
  • Қызылқоға ауданында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
  • ауданның халықтың саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша тәжірибелік шараларды іске асыру;
  • Өз қызметі саласындағы заңдылықтар енгізуге нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуге және оны дайындауға қатысу;
  • материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту.
  1. Функциялары:
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
  • мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
  • ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестиваль мен конкурстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелердің, басқа да ісшаралардың өткізуін жүзеге асырады;
  • жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;
  • мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;
  • спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
  • аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
  • аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалығын қамтамасыз етеді;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен тұрақты байланысты орнатады;
  • Аудандағы ономастикалық жұмыстарды үйлестіру, ономастикалық және басқа да жұмыстарды жүргізу;
  • Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
  • Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
  • Коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
  • Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
  • Коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
  • Коммуналдық мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
  • аудан әкімдігі атқарушы органдары мен өзге де ұйымдарының мәдениет және тіл саясаты, спорт саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша қызметін үйлестіру;
  • аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
  • заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
  • мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыру;
    «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.
  • ведомстволардың функциялары:
    1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
  • Балалар мен жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және дене бітімін жан-жақты дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ тұрғын халық арасында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын орындау және қызметтерді көрсету;
  • Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-отансүйгіштік тәжірибесіне белсенді ықпал ету, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Әдістемелік, халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының функциясы:
  • мәдени мекемелердің жұмысын бір жүйеге түсіру, олардың халыққа көрсететін мәдени-көпшілік қызметіне бағыт-бағдар беріп, үнемі теориялық және практикалық көмек көрсетіп үйлестіреді. Әр түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырады.
  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің«Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің функциясы:
  • Қазақ халқының және осы аймақты мекендеген өзге де халықтардың ұлттық мәдениеті мен өнер байлықтарын одан әрі дамытуға белсенді ықпал жасау, азаматтарды рухани және әдептілік жағына тәрбиелеу;
  • Ауданның мәдени өмірінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігі саясатын жүргізіп, мемлекеттік тілді пайдалануды кеңінен дамыту;
  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Арман мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциясы:
  • Ұлттық, білімдік, кәсіби және басқа ерекшеліктерін есепке алумен тұрғындардың әртүрлі топтарының мәдени сұраныстары мен тұтынушылығын зерттеу, жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстары негізінде әзірленген мақсатты кешенді және мәдени бағдарламалар бойынша қызметті жүзеге асыру;
  1. Құқықтары мен міндеттері:
  2. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

Спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ тұрғын халық арасында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын орындау және қызметтерді көрсету;

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Әдістемелік, халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының құқықтары мен міндеттері:

Халық шығармашылығы өнерпаздардың өнерін дамытуға барлық жағдайлар жасау, аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштермен жүйелі жұмыс жүргізу.

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қызылқоға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан азаматтарының толық ақпарат алуына, мәдени бағалы жазба құжаттарымен танысуына, ғылым мен білімнің нығаюына шынайы ықпал ету. Республика көлемінде шығатын басылымдарға оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру.

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Арман мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құқықтары мен міндеттері:

Кәсіпорынның басты мақсаты мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімнің жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігіне:

- «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіқызметін ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

- «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесітуралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіқызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбарлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

  • жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
  • қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
  • «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесікелешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
  • барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімүддесін білдіреді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
  • өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесібасшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бөлімнің басшысы бөлім мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі.

 

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

  1. «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

 

  1. Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
11 декабря 2020