Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
2026 жылғы 7 маусымда Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Жамбыл ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 911 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 432. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 12. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 7.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Аронов Оспан Гумаровичке - 258 |
|
|
Куанов Роллан Ескайровичке - 61 |
|
|
Нигметов Дулат Тенеловичке - 106 |
|
Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалынан ұсынылған Аронов Оспан Гумарович, 1966 жылы туған, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылының тұрғыны сайланды.
Миялы ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 4800 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 2518. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 35. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 19.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Изимова Гулшара Надировнаға - 1509 |
|
|
Кабилкайров Медет Муктаровичке - 376 |
|
|
Ташимов Мади Кайргалиевичке - 612 |
|
Миялы ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалынан ұсынылған Изимова Гулшара Надировна, 1971 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының тұрғыны сайланды.
Тайсойған ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 467 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 273. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 20. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Жексенов Магжан Абызовичке - 162 |
|
||
|
Мурзагереев Дулат Сейтжановичке - 46 |
|
||
|
Тугелбаев Нурбол Аманжоловичке - 61 |
|
||
Тасшағыл ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалынан ұсынылған Жексенов Магжан Абызович, 1972 жылы туған, «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің директоры, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны сайланды.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы