Атырау облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__»________
№____ қаулысына
7-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__»________
№____ қаулысына
7-қосымша
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Қызылқоға ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
2
Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру, түзету кабинеттері және логопедтік кабинеттер) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырсын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің қажеттілігін айқындайды;
5) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне облыстың Білім беру басқармасы арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырсын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін енгізеді;
6) облыстың жергілікті атқарушы органының бекітуіне облыстың Білім беру басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырсын енгізеді;
7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырсын орналастыруды қамтамасыз етеді;
8) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
3
9) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
10) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
11) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
12) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасында тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
13) мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жеткізуді ұйымдастырады;
14) олимпиадалар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білім беретін пәндері бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
15) білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
17) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
18) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
19) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
4
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
21) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
22) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
23) білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
24) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
25) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
26) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
27) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
28) тиісті аумақтарда жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
29) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
30) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
31) мамандандырылған жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қоспағанда, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
32) білім беру бөлімінің құрылымын облыстың Білім беру басқармасына бекітуге енгізеді;
33) ведомстволық бағынысты аумақта мектепке дейінгі, орта білім беру және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
34) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Заңнамаларда және осы Ережемен белгіленген тәртіп бойынша білім беру ұйымдарынан ақпарат сұратуға және алуға;
2) өз құзыреті шегінде білім беру педагог қызметкерлерін аттестаттауды жүргізуге;
3) аудандық білім беру саласының бюджетін қалыптастыру мен оны қаржыландыруға қатысуға, қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын үнемдеу есебінен сыйлықақы беруге;
5
4) мәслихатқа білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
5) конференциялар, семинарлар, конкурстар өткізуге, әр түрлі білім беру бағдарламаларын және спорттық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) Мекеме қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
3) Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қолданыстағы заң шеңберінде тәртіптік шаралар қолданады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Мекеме атынан өкілдік етеді;
5) Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауын бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
7) Мекеменің актілеріне қол қояды, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.