2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 29 сәуірдегі

№ 8 қаулысына қосымша

2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Қызылқоға ауданы бойынша Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауын тағайындау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын;

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап 1 ай ішінде 2026  жылғы 29 сәуірге     

                                                    (113-1-б. 1-т.1),2) тт., 2-т,3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2026 жылғы 9 мамырдан  кешіктірмей

                                                                                                           (22-б. 2-т.)

3. Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2026 жылғы 9 мамырдан  кешіктірмей

                                                                                    (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2026 жылғы                    14 мамырдан кешіктірмей

                                                                                      (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Қызылқоға ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2026 жылғы                    14 мамырға  дейінгі мерзімде

                                                                           (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттар  ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 2026 жылғы 30 сәуірден басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда        2026 жылғы 12 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

                                                                                 (113-3-б. 5-т)

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

                                                           (4-б.,113-5-б., 11-т.2)-тт.)

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

                                                                       (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттардың осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде

                                                                                      (113-4-б. )

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

                                                                                (113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидатттар, саяси партиялар

 (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін  

                                                                                (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                           (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

14.  Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2026 жылғы 17 мамырда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.14-т.)

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                           (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Қызылқоға ауданының әкімдігі және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2026 жылғы 17 мамырда жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталып, 6 маусым жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Қызылқоға ауданының әкімдігімен бірлесіп

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                             (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қызылқоға ауданының әкімі

2026 жылғы 18 мамырға дейін дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

                                                                        (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 23 мамырда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

                                                                       (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2026 жылғы                    28 мамырдан кешіктірмей

                                                               (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын       

2026 жылғы 4 маусымнан ерте емес 6 маусымнан кеш емес     

                                                                       (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

                                                                               (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін  

                                                                          (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2026 жылғы 7 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады 

                                                                          (18-б. 8 т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң              үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Қызылқоға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2026 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей

                                                                                    (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 13 маусымға дейін сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

                                                                            (44-б.4-т.3)тт)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 2026 жылғы 13 маусымға дейін жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден 2026 жылғы 13 маусымға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін доғарату туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін

                                         (45-б., 46-б. 3-т, 2) тт., 113-11-б.1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

            

2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дата публикации
29 апреля 2026