Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қызылқоға ауданы  Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңының 113-1-бабының 1-тармағы  1), 2)  тармақшалары және 2, 3 -тармақтарына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 7 маусымға Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 7 маусымға тағайындалған Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға

М. Муканов

 

 

Хатшы 

Е. Ульжабаев

 

 Миялы ауылы

29.04.2026 ж.

№ 8

 

       

Қызылқоға ауданы Жамбыл, Миялы және Тайсойған ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
29 апреля 2026