Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет- әділ қоғамның кепілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет- әділ қоғамның кепілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл қоғам мүшелерінің заңға құрметпен қарауы, адалдықты өмірлік ұстаным ретінде қабылдауы және кез келген заңсыз әрекетке төзбеушілік танытуы.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үй беру- әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызыды тетіктерінің бірі. Бұл сала халықтың ең осал топтарына тікелей әсер ететіндіктен, онда ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау ерекше мәнге ие.

Жалдамалы тұрғын үй беру процесінде бұл мәдениет кезектілікті сақтау, құжаттарды әділ қарау және шешім қабылдауда ашықтылықты қамтамасыз ету арқылы көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл тек мемлекеттік саясаттың бағыты ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Мұндай мәдениет қалыптасқан жағдайда жемқорлық тәуекелдері айтарлықтай азаяды, өйткені әр азамат өз әрекетінің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінеді.

 

 

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және

тұрғын үй инспекциясы

бөлімінің бас маманы:                         Дүзғалиева Гүлжиһан Бақтыгерейқызы

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет- әділ қоғамның кепілі.
Дата публикации
27 апреля 2026