Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

         2024 жылдың қазан-желтоқсан және 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ.

«Е-лицензия» АЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан электронды түрде өтініштерді қабылданып, мерзімінде орындалуда. ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылған.

2024 жылдың қазан-желтоқсан және 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі, қызмет алу мерзімі, бас тарту фактілері орын алмады.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі медиа-жоспары бекітілген.

                Сонымен қатар, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 97 қызмет көрсетіліп, 174 электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылдың қазан-желтоқсан және 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында барлығы 15 іс-шара, 2 тікелей эфир ұйымдастырылды. Халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған. Алдағы уақытта да округ көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында жұмыстар атқарыла бермек.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
13 июня 2025