Тайсойған - Атырау обл. Қызылқоға ауданындағы ауыл. Қызылқоға ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығынан – Миялы селосынан оңтүстікке қарай 53 км жерде, Тайсойған құмын кесіп өтетін Жарыпшыққан өзенінің аңғарында орналасқан.Ауыл 1961 - 1996 ж. Қаракөл қойын өсіретін кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Тайсойғанда шаруа қожалықтары құрылған.
Тайсойған жер асты су алабы, Ойыл өзенінің сол аңғарын бойлай орналасқан су алабы. Ұзындығы 80 км-ге, ені 60 км-ге жетеді. Жалпы ауданы 2400 км2 . Оның 2200 км2 жерінде 1-3 м тереңдікте, қалыңдығы 3-8 м грунт суы қалыптасқан. Сулы қабат ұсақ түйіршікті құмнан тұрады, сіңу коэфф. Орташа 0,27 м3 /тәул. Барлау жұмыстары нәтижесінде төрт тұщы сулы алаң бар екендігі анықталған. Суының тәуліктік табиғи ресурсы 147 мың м3, тәуліктік қолданылатын қоры 33 мың м3. Тайсойған жер асты суы аудан орталығынан, Мақат пен Доссор мұнай кен орындарын және басқа да елді мекендердегі ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Тайсойған құмы - Ойыл және Сағыз өзендері аралығындағы құмды алқап. Жарыпшыққан өзенін бойлай 85 км-ге жуық созылып жатыр. Енді жері 60 км. Жалпы аумағы 2,4 км2. Құмды алқаптың батыс, солтүстік батысын жағалай Ойыл өзені ағып жатыр. Жер бедері адырлы- қырқалы. Кейде шағылды келеді. Климаты тым континенттік. Қуаң құмды жерге бейім шөптесін өсімдіктер өседі.
Жалпы мал шаруашылығымен айналысады. Округ бойынша халық саны 885 адам.
Округті Қозбақов Төреш Орынбасарұлы 2022 жылдың 17 наурыз айынан бастап басқарып келеді.
Мекенжай: Қазақстан Республикасы 060508, Атырау обл, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы, Ғ.Сланов 4
Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарастыру мәселелері бойынша консультациялар: 8(71238) 9-13-15

