|
Қызылқоға ауылдық округінің тарихы
Атырау облысының Қызылқоға ауданы Қызылқоға ауылдық кеңесі 1944 жылы құрылды. Қызылқоға ауылдық округі батыс бетінде Индер ауданы, оңтүстік бөлігінде Мақат ауданымен шектесіп жатыр. Қызылқоға ауылдық кеңесі 1993 жылы Қызылқоға ауылдық округі болып өзгертілді. Округке қарасты жер көлемі 131493,703 гектар Қызылқоға ауылдық округі орналасқан Қарабау, Тайсойған елді мекендері тарихқа бай, көненің көзіндей ертеден келе жатқан мұрасы бар жерлер. «Қарабау» деген атаудың шығу тарихын айтушылар бұл жердің суының молдығы, соған байланысты қамыстың мол болуымен байланыстырады. Сол қамыстарды орып, баулап, Қарабау өңіріндегі сол кездегі үлкен жәрмеңкелердің бірі Қызылқоға базарына апарып сатқан. Соған байланысты Қарабау атауы пайда болған деп аңыз етеді. |
|
Қызылқоғаның климаты қатаң континентті, қысы суық, батыстан келетін ауа массасының әсерінен кейде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыстық, құрғақ әрі ұзақ болады. Құрғақшылық жиі болады, қар жамылғысы жұқа мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде топырақтың ылғал қоры аз болады. Қарабау ауылы аудан орталығынан 130 км қашықтықта орналасқан. Округ бойынша халық саны 1412 адам. Бұхар елді мекені 2019 жылдан 21 маусымнан бастап Облыс әкімінің Н.Ноғаевтың қаулысымен Қызылқоға ауылдық округіне біріктірілді. Округті Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлы 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап басқарып келді. |
Мекенжай: Қазақстан Республикасы 060509, Атырау обл, Қызылқоға ауданы, Қызылқоға ауылы, Ә.Игілікұлы көшесі, 7 ғимарат
Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарастыру мәселелері бойынша консультациялар: 8(71238) 3-13-44

