2026 жылғы 30 қыркүйекте Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Габдулов Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып сайланған Қайбошев Айдын Асылбекұлына және Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып сайланған Джунусова Марина Николаевнаға әкімнің қызметтік куәліктерін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Кудряшов ауылдық округінің әкім болып сайланған Қайбошев Айдын Асылбекұлы және Қиғаш ауылдық округінің әкімі болып сайланған Джунусова Марина Николаевна 2026 жылдың 30 қыркүйекінен бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.
Қайбошев Айдын Асылбекұлы 1992 жылы 8 ақпанда Кудряшов ауылында дүниеге келген. Сайлауға дейін 2025 жылдан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман есепшісі қызметін атқарған.
Джунусова Марина Николаевна 1966 жылы 4 наурызда Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Сайлауға дейін 2022 жылдан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі қызметін атқарған.
2026 жылғы 10 маусымда Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Габдулов Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып сайланған Каримов Нурболат Нурлановичке, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып сайланған Калиев Сарсембай Бердихановичке және Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Кумарова Гульнара Орынбаевнаға әкімнің қызметтік куәліктерін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Еңбекші ауылдық округінің әкім болып сайланған Каримов Нурболат Нурланович, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып сайланған Калиев Сарсембай Бердиханович және Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Кумарова Гульнара Орынбаевна 2026 жылдың 10 маусымынан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.
Каримов Нурболат Нурланович 1977 жылы 8 желтоқсанда Жұмекен ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 24 жылдан астам. Ішкі істер органының зейнеткері, қазіргі таңда жұмыссыз.
Калиев Сарсембай Бердиханович 1965 жылы 29 сәуірде Хиуаз ауылында дүниеге келген. Сайлауға дейін 2023 жылдан бастап "Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарған.
Кумарова Гульнара Орынбаевна 1988 жылы 16 қазанда Балықшы ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 14 жылдан астам. Сайлауға дейін 2018 жылдан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарған.
«Еңбек жолы» конкурсына қатысайық!
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурс жыл сайын 2 (екі) кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, саласына қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының үш және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады;
3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді платформа «Qamqor.enbek.kz» арқылы қабылдау 2026 жылдың 22 мамырдан бастап 1 шілдеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Толық мәлімет пен кеңес Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы: Атырау қаласы, Азаттық 31 а даңғылы, тел.8(7122)307028, облыс әкімдігінің интернет- ресурсында: gov.kz немесе Құрманғазы ауданының аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне, мекен-жайы Құрманғазы ауданы , Құрманғазы селосы Болашақ көшесі 40 тел 8(7123)25129 хабарласып алуыңызға болады.
«Парыз» конкурсына қатысайық!
Жылма-жыл өткізілуі белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы биыл да өткізілмек.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі- Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Конкурс жыл сайын номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі:
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады.
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында беріледі.
Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ, құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурсты өткiзу мерзiмдерi:
Жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
2026 жылғы 25 тамызға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарын бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
желтоқсан — қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Конкурсқа қатысу үшін үмiткерлер құжаттарын hr.enbek.kz сайты арқылы және қағаз түрінде 2 данада жергілікті атқарушы органға ұсынады, онда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;
2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады;
Үмiткердiң есебiнде:
- өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi белгiлеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиiс.
Облыстың кәсіптік құрылымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысуыңызды және өзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуды сұраймыз, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосасыз.
Толық мәлімет пен кеңес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Болашақ көшесі №40 тел.: 8 (71233) 25129 хабарласып алуыңызға болады.
Құрманғазы аудандық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты 2026 жылдың 4 ақпаны күні «ашық есік» күнін өткізді. Ашық есік күніне келген ауданымыздың тұрғындарын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Габдулов Бауыржан Габитұлы қабылдады. Негізгі іс – шараның мақсаты сайлау комиссиялары жұмыстарымен таныстыру, олардың ашықтығын көрсету, ауданымыздың сайлаушылары келіп өз ұсыныс, пікірлерін айту болатын.
Ашық есік күні аясында Б.Габдулов Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы, комиссияның қызметі туралы, сайлаудың маңыздылығы туралы, немқұрайлы қарамауға, сайлауға қатысуға ынта мен уақыт табуға, сондай-ақ өз елінің болашағын құру жауапкершілігін сезіну керектігі, әрбір дауыстың маңыздығы туралы айтты. Қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтуге байланысты Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы арнайы жасалған жоспар негізінде 2026 жылғы 3 ақпан күні аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Анесова Армангүл Шынтайқызы мен Жас сайлаушылар клубының төрағасы Батуов Нұртілек Нұрбекұлымен бірлесіп Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің студенттерімен «Сен сайлау құқығыңды білесің бе?» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу кезінде студенттерге “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының заңынан түсініктемелер беріліп, сайлау ережелерімен таныстырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай түсіндіріліп жауап берілді. Кездесу барысында колледж білім алушылары сайлауға қатысу-еліміздің әрбір азаматының борышы деген қорытындыға келді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Құрманғазы ауданының Б.Бегалиев, Еңбекші, С.Н. Имашев атындағы жалпы орта мектептерінде аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Д.Шахшаев, №175 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.Капуова, №193 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы У.Габдуллаеваның ұйымдастыруларымен 11 сынып оқушылармен «Жастар және сайлау құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Жоғары сынып оқушыларына сайлаушының құқықтары мен міндеттері, саналы таңдаудың маңыздылығы және демократиялық қоғамдағы әрбір азаматтың рөлі туралы айтылды. Балалар сайлау комиссиясының мүшелері дайындаған викторина сұрақтарына қызығушылықпен және ынтамен жауап беріп, жақсы білімдерін, логикалық ойлауын және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті.