Нашақорлықтың зияны және оның салдары
Нашақорлық-көптеген адамдардың, соның ішінде жастардың өмірін қиған қауіпті ауру. Нашақорлықтың зияны көбінесе бағаланбайды, дегенмен оның жақындары бір адамның тәуелділігінен зардап шегеді.Нашақорлар ешқашан дәрігерлерге өз еркімен бармайды, туыстары мен отбасы мүшелеріне тәуелділікті жасырады. Нашақорлық адамның тозуына тез әкеледі. Отбасындағы қарым-қатынас бұзылады, неке бұзылады, тәуелді адам оқуын, жұмысын тастап кетеді, нәтижесінде өмір сүру қаражатынсыз қалады. Көбінесе нашақорлар соталып, түрмеге түседі немесе шартты түрде сотталады, бұл болашақта олардың өмірін айтарлықтай бұзады.
Нашақорлықтың алдын алу бағытында ауданның 30 мектебінде 30 наркологиялық бекет жұмыс жасайды. Барлық білім беру ұйымдарында 7-11 сыныптың оқушыларының қатысуымен әртүрлі тақырыпта сынып сағаттары өткізіліп, бейнероликтер көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Аудандағы барлық білім беру ұйымдары есірткі қолданудың және олардың заңсыз айналымына қатысудың салдарынан аулақ болудың маңыздылығы туралы ақпараттардың инфографикасын жасақтап, әлеуметтік желіге орналастырды. Осы іс-шаралардың нәтижесінде наша қолданушылар есебінде тұрған оқушы жоқ.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне (26 маусым) орай ауданның барлық 21 мәдениет үйі мен 28 кітапханаларында мәдени шаралар өткізіліп, шақырылған тұрғындар (1000 адамнан астам) арасында нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігі жөнінде және салауатты өмір сүрудің артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нашақорлықтын адам ағзасына тигізетін зияны туралы, ауданның емхана қызметкерлерімен 118 дәрістеме оқылып, 186 санитарлық бетшелер таратылып, басқа шаралар өткізілседе нарколог дәрігердің есебінде 9 адам бар. Олармен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Нашақорлықтын алдын алу мақсатында, есірткі қолданудың және олардың заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы ақпаратты (инфографика) ұсынамыз