Меню

Страницы

Статья

Қайырлы кеш!Мұндай сұрақ үшін кешірім сұраймын, бірақ менің сұрайын дегенім, егер адам зейнет жасына жетпей қайтыс болып кетсе, біздің зейнетақы жинақтарымыз не болады?Сізде жерлеу төлемі бар ма, әлде барлық ақша бюджетке түсе ме?

 

4) Қайырлы кеш!Мұндай сұрақ үшін кешірім сұраймын, бірақ  менің сұрайын дегенім, егер адам зейнет жасына жетпей қайтыс болып кетсе, біздің зейнетақы жинақтарымыз не болады?Сізде жерлеу төлемі бар ма, әлде барлық ақша бюджетке түсе ме?

Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады. Салымшы немесе алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған тұлғаға БЖЗҚ-дан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 52,4 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеу үшін біржолғы төлем төленеді. Бірақ ол шоттағы қаражаттан аспайды. Егер алушының жерлеуге біржолғы төлем жасағаннан кейін ЖЗШ бойынша зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құрайтын жағдайда  қалдық сома жерлеуге төлем ретінде төленеді.

Сонымен қатар, Заңның 31 және 32 –баптарында көрсетілгендей, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ -да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның жинағыҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мұрагерлік тәртіппен беріледі.

 

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы