Меню

Страницы

Статья

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

№

Мекеме атаулары

Байланыс телефондары /

 

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы әкімдігі

 

8(71233)2-06-90

8(71233)2-09-20

№

Сұрақ

Жауап

1

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    1) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына (ауылдық жерлерде-кент,ауыл,ауылдық округ әкіміне) жүгіну қажет.

2) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)  Өтініш

2)  Жеке басты күәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (төлқұжаты) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі) ал оралман үшін – оралман куәлігі.

3) Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

4) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер

5) Баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі- Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша.

6) Өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден айырмашылық болған жағдайда неке қиюды бұзуды тіркеу туралы куәлік  - Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша.

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі  №223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша ұсынады:

1) Жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтінішті.

2) Еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса)

3) Білімі, біліктілігі, арнайы білімнің немесе кәсіптік дярлығының болуы туралы құжатты (бар болса).

 

2

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учасукесін қалай алады?

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің               48 бабының талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері сауда-саттық (конкурс) арқылы табысталады.Конкурстың өткізілетін күні мен қатысу шарттары жергілікті басылымдарға және аудан әкімдігінің сайтына жарияланады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

     5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

       Конкурстық ұсыныста:

       1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

       Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

2) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерісауда-саттық( аукцион) арқылы табысталады. сауда-саттықтың(аукцион) өткізілетін күні мен қатысу шарттары жергілікті басылымдарға және www.gosreestr.kz мекен жайы бойынша интернет желісінде орналасқан Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланады. Аукцион электронды түрде өткізіледі.

Аукционға қатысу үшін мына құжаттар қажет:

1.         Сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға өтініш; (ЭСҚ/ЭЦП  арқылы)

2.         Жеке басын куәландыратын құжат;

3.         Кепілдік жарна төлегені туралы түбіртек көшірмесі;

        4.    Сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға сенімді өкілге берілген сенім хат.

 

3

Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін қайда жолығу керек?

Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) арқылы құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.

Бұдан басқа, жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін түскен құжаттар Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 49-1-бабына сәйкес қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қорытындысы мен түпкілікті шешім қабылдау үшін Құрманғазы ауданы әкімдігі жанынан құрылған жер комиссиясының қарауына ұсынылады.

4

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне кімдер және қалай тіркеле алады?

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй саласындағы мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» бұйырығына сәйкес, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Аталған қызмет аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен және www.e.gov.kz сайты арқылы жеке цифралық қолтанба кілтімен көрсетіледі.

            Жұмысшы орган «Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Занының 68 бабына сәйкес, тұрғын үй кезегінде төмендері азаматтар тіркеледі.

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылар;
      1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтар.

           3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

      4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтар.

Дата публикации
11 марта 2021
Дата обновления
11 марта 2021
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы