2020 жылдың қорытындысы бойынша Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 1 қызмет түрі көрсетіледі.
1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
Есепті мерзімде округ аппараты арқылы барлығы 9 қызмет көрсетілді.
- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 9 қызмет.
Барлығы қағаз түрінде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Соңымен қатар, округ әкімінің аппараты ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.
2020 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және пайдалану бағыттары жөнінде округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар ұйымдастырылды, Төтенше жағдайға байланысты 26 наурыз 2020 жылы мемлекеттік қызметтер алу жөнінде округтің «Facebook» әлеуметтік парақшасында хабарландыру орналастырылды.
Электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет бұрышы ашылып, соңғы үлгідегі компьютер, принтермен қамтамасыз етілді.
2020 жылдың ішінде ауылдық округ тұрғындары 54/елу төрт/ электрондық цифрлық қолтаңба алды, оның ішінде 2020 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» қосылуына байланысты округтің есебінде тұрған 13 мүмкіндігі шектеулі жандар өзідеріне тиісті қызметтерін алуға электрондық цифрлық қолтаңбаларын алды. Сонымен қатар «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 91/тоқсан бір/ қызмет, 7/жеті/ түрі бойынша көрсетілді.
Кесте:
|
р/с |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы |
Көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы |
1 |
|
2 |
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру |
17 |
|
3 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру |
10 |
|
4 |
Наркологиялық ұйымнан анықтама беру |
15 |
|
5 |
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру |
16 |
|
6 |
Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу |
29 |
|
7 |
Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру |
3 |
|
Барлығы |
91 |
|
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Округ әкімі Р.Камзаева