ХАБАРЛАМА
Жеке және заңды тұлғалардан 2020 жылдың 12 айында түскен өтініштері бойынша
2020 жылдың 12 айы ішінде Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 1322 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2019 жылдың 12 айында – 1679 өтініш) 357-ға кеміп отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені – 379 (2019 жылдың 12 айында – 403 ).
2020 жылдың 12 айында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан - 8, электронды үкімет порталынан - 52, «Нұр Отан» партиясынан – 3, Құрманғазы аудандық прокуратурадан -4 өтініш. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ.
Қаралған барлығы 1322 (түрлері бойынша 1221- өтініштер, 7- шағым, 94- басқалары) 574 -не заң шеңберінде тиісті түсінік берілді, 8 өтініш қанағаттандырылудан бас тартылды, 740-і оң шешілді. Оң шешілгендердің 85-еуі тұрғын үй, 537-сі жер, 5-еуі құрылыс, 28-і әлеуметтік, 4-еуі коммуналдық, 5-еуі білім, 1-еуі кәсіпкерлік, 2-еуі жұмыспен қамту, 1-еуі ауыл шаруашылық, 1-еуі мәдениет, культура ономастика, 28-сы басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй бөлу- 189, коммуналдық-шаруашылық- 27, еңбек және жұмыспен қамту -20, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 62, білім және оқу ақысын төлеу –16, жер және жерді пайдалану – 805, денсаулық сақтау - 6, кәсіпкерлік - 15, құрылыс - 30, ауыл шаруашылығы – 5, ономастика-5, басқа да мәселелермен- 142.
Үстіміздегі жылдың 12 айында аудан бойынша барлығы - 10 қайталама өтініштер түсіп, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 есеге кеміген (2019 жылы - 44).
Есептік кезеңде аудан басшылығымен барлығы 16 қабылдау өткізіліп, 72 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 3 азаматтың мәселесі оң шешілді (коммуналдық шаруашылық – 1, басқа мәселелер - 2). 69–заң шеңберінде түсінік берілді.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 30 қазанында «Ашық әкімдік» орталығында «Бірыңғай қабылдау күні» өткізіліп, 2 ұжымдық мәселемен , 4 жеке тұрғын мәселесімен қабылдауда болды. Қабылдауға барлық дербес бөлім басшылары, жауапты мамандар қатысып тұрғындарға жан-жақты түсінік берді.