Меню

Страницы

Статья

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу

туралы ақпараты

 

orly_okrug@mail.ru, Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11,  факс 3-55-96

Бақыланатын кезең: 2020 жылдың ІІ жартыжылдығы

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде  округ әкімінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы  №1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі шығарылды. Аталған өкім негізінде округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арнайы құрылған жұмысшы тобына, яғни округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллин, бас маман Г.Гумарова және жетекші маман Г.Бахышоваға  жүктелді.

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы   ауылдық   округ    әкімінің   аппараты   Құрманғазы  ауданы  әкімдігінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №9 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына   сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 21.11.2018 жылғы  №361 қаулысы  бойынша  округ әкімі аппаратының    штатық саны – 6  бірлікті құрайды, оның   қазіргі   нақты  саны – 5  бірлік. Есепті мерзім ішінде еңбек  демалысына – 3 мемлекеттік қызметші жіберілген. Округ   әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №31 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Аталған мерзімде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2020   жылдың есепті  мерзімі  ішінде 67 өкім шығарылып, 41 шешім алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына  мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдарынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. 

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысында көрсетілген 3 мемлекеттік қызмет «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі №160 қаулысы мен «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысына сәйкес көрсетіледі:

  • Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

Есепті мерзім ішінде жалпы саны – 57 мемлекетік қызмет көрсетілген, оның ішінде уақытынан кешіктіріліп  орындалған қызметтер мүлдем жоқ.

ІV. Аппаратта  рұқсат беру және бақылау – қадағалау  Функциялары  жоқ

VІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімінің аппаратына 2020 жылдың ІІ жартыжылдығы ішінде барлығы 50 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғадан 50 өтініш, заңды тұлғалардан өтініш түспеген. Оның ішінде қаралғаны 50, қанағаттандырылғаны 43, жазбаша түсіндірілгені 7. Округте   тұрғын үй құрылысын салу үшін  жер учаскесіне  кезекке    тұрған     азаматтардың жалпы   саны 145.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған.  Күні  бүгін  сенім  жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында  3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда   баяндалғандар негізінде   Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылғы ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Алайда, жұмысшы тобы құрамымен төмендегідей ҰСЫНЫМДАР беріледі:

1.Мемлекеттік қызметшілерді 2021 жылы өз функционалдық қызметтеріне сәйкес ең қажетті бағытта семинарлар мен біліктілік арттыру курстарынан өткізу.

2.Тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін  жаңадан сұралатын жер учаскеліріне, тұрғын үйге қосымша жер учаскелеріне және тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекке қою бағытындағы өтініштерді 2021 жылдан бастап ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет ретінде қабылдау.  

3.Округ бойынша тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін уақытша жер учаскесін алып, мерзімінде игерілмегендігі үшін жерге құқық беретін шешімнің күші жойылып, мемлекетке қайтарылып алынған жер учаскелерінің нақты тізімін жасақтап, ол жерлердің бұрынғы меншік иесінің атағынан толықтай шығарылу жұмысын ұйымдастырып, округ бойынша аталған бағытта жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға ашық негізде ұсынылуы үшін схемаларымен бірге ресми сайтқа жариялау.

Округ әкімінің кеңесшісі                                                             А.Кибатуллин

 

              

Бас маман                                                                                        Г.Гумарова

 

 

Жетекші маман                                                                              Г.Бахышова

 

 

«Келісілді»

Округ әкімі                                                                                      А.Мұфтах

 

 

 

Дата публикации
19 января 2021
Дата обновления
19 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы