Меню

Страницы

Статья

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2020 жылдың ІI жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына  2020 жылдың                              ІI жартыжылдығына сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  жүргізілген  ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама

 

         Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, М.Ғилаев көшесі, №9. 8(71233)2-04-34, факс 2-11-15. эл.пошта: ganuyshkino.akimat@mail.ru

 

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының                           5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, Құрманғазы ауылдық округ әкімі А.Р.Мусамен 2021 жылдың 6 қаңтардағы                        №7 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді. Аталған өкім  негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округтің бас маманы М.Гумароваға жүктелді.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың қаңтар айының  6-13 күндері аралығында жүргізілді.

  Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы                         30 тамыздағы;
  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015  жылғы  23  қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі».
  • Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі»  Қазақстан Республикасының  2003  жылғы  20 маусымдағы  Кодексі;
  •  «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының                     2011  жылғы 1  наурыздағы  Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы және т.б.

 

            Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

Округ әкімі аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.

ҚР-ның  мемлекеттік сатып алу порталының баға сұрату тәсілімен кеңсе тауарлары -372,000, қызметтік автокөлікке қосалқы бөлшектер –                    322,000 мың, ноутбук – 223214,28, мемлекеттік рәміздер –                             302276,32, шаруашылық тауарлар – 40,000 теңгеге сатып алынды.

         Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппаратында 2020 жылдың                                         II - жартыжылдығында  кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 11 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 11, бос лауазым орны жоқ. Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына  2020 жылы 9 мемлекеттік қызметші жіберілген. Жыл ішінде келген екі қызметші келесі жылы еңбек демалысына жоспарланған. Округ әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген.  Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

         І. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 

         Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына есепті мерзім бойынша округ  әкімімен – 259  шешім  және –  234  өкім қабылданды . 

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

ІІ. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Округ әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Гумароваға жүктелген.

2020 жыл қорытындысымен Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына  барлығы – 283  өтініш түсті. Оның ішінде: жеке   тұлғалардан  -  273 , заңды тұлғалардан – 10. Қайта қаралған өтініштер саны -  7, жеке   тұлғалардан  -  7 , заңды тұлғалардан - 0. Шағым түскен жоқ. Қаралуда  қалған өтініштер жоқ.

 2020 жылғы өтініштердің ішінде – 195 оң шешіліп, 88-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайта қаралған өтініштерден 4-не заң шеңберінде тиісті жауаптары беріліп, 3-і қанағаттандырылды.

Өтініштер тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық, әлеуметтік және зейнетақы, қаржылай көмек, жер және жерді пайдалану,  басқа да мәселелерін қозғайды.   Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         №1-ОЛ нысанды статистикалық   қорытындыcына сәйкес  2020 жылдың  II  жартыжылдығы бойынша есебі  аудан әкімінің жалпы бөліміне жыл аяғында тапсырылды.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 

                                           Құрманғазы  ауылдық  округ бойынша сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген

округтің бас маманы М.Гумарова

 

Дата публикации
19 января 2021
Дата обновления
19 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы