«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1, тел.: 8(71233) 3-94-34
Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №19 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектемировтың 2018 жылғы 21 қарашадағы «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» №361 өкіміне сәйкес мекеменің штаттық саны – 6 бірлікті құрайды, қызмет атқаратыны –5 бірлік, 1 вакант орны бар. Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:
Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрепциялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Округ әкімі аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2020 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша 21 өтініш келіп түскен, оның ішінде: 3 тұлғаға түсінік беріліп, 14 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды және 4 тұлғаның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерде орналастырылған, 3-94-34 сенім телефоны орнатылған. Округ әкімі аппаратының ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Пара берсең, жазаланасың», «Параға емес, биікке ұмтыл», «Парақорлық – балалардың арманын ұрлау», «Бір пара – екі қылмыс» тақырыбында жадынамалар ілінді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу бағытындағы округ тұрғындары арасында:«http://school.kurmangazy.atyrau.gov.kz»,«INDIGO.kz»,
«garden.kurmangazy.atyrau.e-orda.kz.ru» ақпараттық жүйелерін пайдалану қағидаттары мен осы жүйелер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлерін таныстыру және пайдалануын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күні бүгін аталған сайттар арқылы тұрғындар өздеріне қажетті қызмет түрлерін алып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Медиа жоспарына сәйкес, 2020 жылдың тамыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында аудандық «Серпер» газетіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» тақырыбында мақала жарияланды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндет. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А.Мамыттың 2020 жылғы 10 қарашадағы №7-10/4789 санды хатына сәйкес, «Адал көмек»жобасын халық арасында жан-жақты ақпараттандыру мақсатында арнайы билбордтар жасақталып, округке қарасты Салауат Ханафин және Сұлтан Мұхамбетқалиев көшелеріне орнатылды.
Округ әкімінің аппараты бақылау қызметін жүзеге асырмайды.
Округ әкімі аппаратының басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.
Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Алға қарай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңейтіліп, жоспарға сай атқарылатын болады.