Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2020 жылдың  ІІ  жартыжылдығына  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты.

 

 

Байда ауылдық округ әкім аппараты мемлекеттік мекемесі, baida_akimat@mail.ru  Котяев ауылы, М.Әуезов көшесі №47, 87123361535,61411

         Байда ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 5-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

        Құрманғазы ауданы  әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 224 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне  сәйкес мекеменің  штатық саны  6 – бірлікті құрайды, онын нақты саны - 6 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына 1 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Байда ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

-   Қазақстан Республикасының  2012  жылғы 16  ақпандағы  № 561 – IV «Әскери қызмет және әскери  қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

Байда ауылдық округ әкімінің аппараты  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Байда ауылдық округ  әкімінің аппаратының жұмыс барысына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің  2015 жылғы   28  сәуірдегі  №3-2/378  бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»:
  2. Жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну туралы анықтама беру:

2020 жылдың  ІІ  жартыжылдығында жалпы саны 2 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген:

 

 

2020 жылдың  ІІ  жартыжылдығында шыққан өкім саны -67, шешім саны -17. Жыл ішінде шыққан өкім саны -121, шешім саны -33. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден  уақытынан кешіктіріліп  орындалғаны жоқ.

Байда ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке  тұлғалардан 2020 жылдың ІІ жартыжылдығы жағдайы бойынша -  8  өтініш келіп түсіп,                          8 тұлғаның өтініші  қанағаттандырылды. Жыл ішінде бойынша -  10  өтініш келіп түсіп, 9 тұлғаның өтініші  қанағаттандырылып, 1 тұлғаның өтініші  түсіндірілді. Заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 6-15-35 сенім телефоны орнатылған.   

         Байда ауылдық округ әкімінің аппараты  ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Бүгін пара алсаң  Ертен түрмеге қамаласың», «Пара берме, алма», «Адал жүріп, адал тұр» атты  жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп  тұр. «Атырау  адалдық алаңы» туралы  қажетті деректер  округ ғимаратының көрнекі жерінде ілінулі. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ

          Округ  бойынша 2020 жылдың  29 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы зандылығы талаптарын сақтау,  2020 жылдың  13 қараша  күні Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және жолын кесу, Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заңбұзушылыққа жол бермеу тақырыбында мемлекеттік қызметкерлер және «НҰР ОТАН» партиясы өкілдерімен дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді.

         2020 жылдың 20 қараша күні «Адал көмек» және 30 желтоқсан күні «Antikor.Live» жобалары аясында Байда ауылдық округ әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті калыптастыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы тікелей эфирде хабарлама жасады. 

         Байда ауылдық округ әкімі аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын  факторлері айқындалмады.                                                                                              

          Мекемеде  жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Дата публикации
14 января 2021
Дата обновления
14 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы