II шақырылған Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңның 10 – шы бабына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.М. Бралиев 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 11:00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында VII шақырылған Құрманғазы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады. Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі: 1. VII шақырылған Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы жөніндегі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы. Хабарламашы: Б.Бралиев – Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы. 2. VII шақырылған Құрманғазы аудандық мәслихатының бірінші сесиясының төрағасын сайлау. 3. Ұйымдастыру мәселелері:
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы