«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Нұржау ауылы, Серікбай ата көшесі №1, тел:8(71233) 3-83-09
Нұржау ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы №525 қаулысына сәйкес атқарады.
«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны – 6, нақты жұмыс істейтіндер саны – 6, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 1, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – жоқ.
«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отыр.
Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 78, жазбаша түрде - 78. Өтініштер басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты. 25 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 53 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Жазбаша жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 59 шешім, 139 өкім қабылданды.
Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Нұржау ауылдық округ әкімі аппаратының көрнекі жеріне қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың рәсімін ақпараттандыру үшін қазақ және орыс тілдерінде түрлі түсті инфографика орналастырылған.
Округ ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Адал көмек» жобасы аясында жадынамалар таратылып, Нұржау ауылының, С.Ақботин көшесіне 1 баннер ілінген және Нұржау ауылдық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – баршаның міндеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша сенім телефондары көрсетілген.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған теріс сипаттағы материалдар жарық көрген жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік мекемеде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнама жүргізу қажеттілігі болған жоқ.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жұмыс тобы «Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде, басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметінде, нормативтік-құқықтық актілерде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.