Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Ақкөл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтамасы
І.Кіріспе
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
«Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:
Жеке/заңды тұлға./ электронды поштаның мекен жайы/телефон нөмірі
«Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі,
Akkol.akimat @mail.ru , Ақкөл ауылы, Иманов көшесі 14 үй, 87123371077, 87123371011.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.
Ақкөл ауылдық округ әкім аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы № 526 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады.
Ақкөл ауылдық округі өз қызметін атқаруда
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады.
Ақкөл ауылдық округ әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және оны болдырмауға бағытталған шаралар үнемі бақылауда ұсталып, жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты округте барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсінік жұмыстар жүріп, мемлекеттік органдарда, денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік нысандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баспа материалдарын, көрнекілік жадынамаларды тарату жолға қойылып іске асырылуда. Жер пайдалану саласында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, округ бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру кезінде Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауға алынған. 2020 жылы 49 (қырық тоғыз) адам жер кезегіне тұрған. Округ әкім аппараты қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп, жиналыстар өткізілді және әдеп нормаларын сақтау бағытында мемлекеттік қызметшілер сауалнамалар толтырылып отырады. Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі» жұмыс жасайды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің нәтижесі болар, жыл ішінде ауыл тұрғындарынан ешқандай шағым ұсыныс-пікірлер түскен жоқ. Округ бойынша күні бүгін мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі.
1.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау жұмысы ұйымдастырылып келеді.
3.Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учакесін беру. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты–мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету тіпті мүлдем жою.Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.