Меню

Страницы

Статья

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2020 жылдың ІІ жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2020 жылдың ІІ  жартыжылдығына  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сафон ауылдық округ әкім аппараты мемлекеттік мекемесі, Safon_akimat@mail.ru   Сафон ауылы, Азаттық көшесі №35, 87123333480,87123333421

          «Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» -ММ-сі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы»  №410-V  Заңының 8-бабының 5- тармағына сәйкес, Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігі  Төрағасының  2016 жылғы                 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына орай,                            келесі ақпаратты ұсынады:

        Құрманғазы ауданы  әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 235 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне  сәйкес мекеменің  штатық саны –  5 бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік. Күні бүгін жұмыс жасап отырған 4 бірлік, 1 бірлік – 05.10.2020 жылдан бастап  жүктңлңк демалсына кетуіне орай уақытша вакант.Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі туралы»

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі года №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

-   Қазақстан Республикасының  2012  жылғы 16  ақпандағы  № 561 – IV «Әскери қызмет және әскери  қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

        Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің  2015 жылғы    28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде  тұратын  балаларды  жалпы білім беру ұйымдарына  және  кері қарай  үйлеріне  тегін  тасымалдауды  ұсыну  туралы анықтама беру; 2020 жылдың ІІ тоқсанында  9 балаға тасымалдауға қызмет көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден  уақытынан кешіктіріліп  орындалғаны жоқ.

     2020 жылдың  ІІ  жартыжылдығында  шыққан өкім саны- 54, шешім                 саны -21.    Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке  тұлғалардан 2020 жылдың ІІ жартыжылдығы жағдайы бойынша -  8 өтініш келіп түсіп,                          6 тұлғаның өтініштері  қанағаттандырылып, 2 тұлғаның өтініштері  түсіндірілді. Заңды тұлғалардан 1 өтініш қабылданып, түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-34-80 сенім телефоны орнатылған.   

       Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты  ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Шыншылдық, адалдық, ағзалас», «Адал жүріп, адал түр», «Адал көмек», сыбайлас жемқорлық фактілер аңықталған жағдайда «1424» колл орталыққа хабарласуға болатыны туралы,  атты  жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп  тұр. «Атырау  адалдық алаңы» туралы  қажетті деректер  округ ғимаратының көрнекі жерінде ілінген.

        2020 жылдың 5 қараша  күні  Сафон ауылдық  округ әкімі аппараты қызметкерлері арасында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында  санитарлық –эпидемиологиялық нормаларды сақтай отыра «Сыбайлас  жемқорлыққа –жол жоқ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

      2020 жылдың 2 желтоқсан күні  «Адал көмек»  акция жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында,  аудандық әкімдігі  үлкен залынан, келісілген кестеге сәйкес, онлайн форматта округ әкімі Камзаева Роза Шамарқызы  тікелей  эфирде қосылып, ақпарат ұсынылды.

     «Antikor. Live» жобасы аясында  округ бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы 2020 жылдың 30 желтоқсан күні Сафон әкімшілігі «Facebook» әлеуметтік жеке парақшасынан тікелей эфирде ақпарат берді.

       Сафон ауылдық мәдениет үйінде, санитарлық –эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақтап, 2021 жылы 21 шілде күні «Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жастарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту; «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік беру. Келер ұрпаққа жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін нақыштау.                                            Өз мемлекеттіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.               

     Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

     Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын  факторы айқындалмады.

      Мекеме  жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы