Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың II жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат.

2020 жылдың II жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат.

 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық экономика және қаржы бөлімі, өз қызметін Құрманғазы ауданы  әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусымдағы №213 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы                     №361 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-12 бірлікті құрайды, оның нақты саны -12 бірлік.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
  • 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195  «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. 

                                              

Бөлімнің  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                         6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету».

2020 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойынша             барлығы - 44 мемлекеттік қызмет  көрсетілді:

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ.

2020 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойынш тікелей бөлім басшысының атына  өтініш түскен жоқ.

2020 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойынш бөлім басшысының 172 бұйрығы қабылданған, соның ішінде:

Еңбек демалысын беру-19, Бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-19, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-53, жұмысқа алу туралы-16, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-65.

     Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

      Сыбайлас жемқорлық фактілерін   болдырмау мақсатында   бөлімде 871233 2-03-13 сенім телефоны жұмыс жасайды     

 Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде  мақалалар жарияланып келеді.

      Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың   31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

      Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 января 2021
Дата обновления
11 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы