Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың ІІ жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

2020  жылдың ІІ жартыжылдығына

«Атырау облысы  Құрманғазы аудандық  кәсіпкерлік және  туризм бөлімі»

мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу нәтижелері  туралы

 

«Атырау облысы  Құрманғазы аудандық  кәсіпкерлік және  туризм  бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы,  Құрманғазы  ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25, тел: 8(71233) 2-06-38 

«Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  Заңының 8 бабының 5 тармағына  және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы және бөлім басшысының  2020 жылғы  05 қаңтардағы №1  «Атырау облысы Құрманғазы  аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне   ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобы 2020 жылдың   ІІ жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне   ішкі талдау жұмыстарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне   ішкі талдау 2021 жылдың                5-6 қаңтар  күндері  аралығында жүргізілді.

Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы           6 маусымдағы №195 «Атырау облысы  Құрманғазы аудандық  кәсіпкерлік және  туризм  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»   қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметшілер бойынша штаттық саны-3 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 3 бірлік.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
  • 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен  бекітілген Әдеп Кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы  13 қарашадағы  №746  қулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы».
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі;

     Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2020 жылдың ІІ жартыжылдығының  қорытындысы бойынша тікелей бөлім басшысының атына өтініш түскен жоқ.

2020 жылдың ІІ жартыжылдығының  қорытындысы  бойынша бөлім басшысының негізгі қызмет бойынша  23  бұйрығы,жеке құрам бойынша 53 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-4, бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-9, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-25, жұмысқа алу туралы-4, жұмыстан босату туралы-3, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-31.

Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының талаптары сақталған.

         Сыбайлас жемқорлық фактілерін   болдырмау мақсатында   бөлімде 871233 2-06-38 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

2020 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша прокуратура  мен сот органдарынан  қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар  анықталған жоқ.

 

 

Дата публикации
10 января 2021
Дата обновления
10 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы