Меню

Страницы

Статья

Ауданның дене шынықтыру және спорт саласы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы хабарлама

Аудан бойынша спорттық ғимараттардың саны 180 бірлікті құрайды. Соның ішінде 1 стадион, 1 спорт кешені, 3 ангар типті спорт кешені, 1 хоккей алаңы, 38 спорт залы, 5 атқыш тирі, 131 әртүрлі спорт алаңдары (оның ішінде баскетбол, волейбол, шағын футбол алаңдары), жұмыс жасайды.

Елбасының бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын бекіту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүзеге асырылуда. 2020 жылы бойынша ауданда әртүрлі жастағы тұрғындардың жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны – 15730 адам немесе аудан тұрғындарының 27,2 % құрайды. 

Аудан бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - 6 адам,  «Қазақстан Республикасының спорт шебері» – 8 адам, «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер» -  55 адам.

Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 5783 адамның қатысуымен 40 спорттық шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 1 облыстық, 39 аудандық деңгейдегі жарыстар өткізілді.

Аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға 39 рет қатысып, оған 297 спортшы аудан намысын абыроймен қорғап жетістіктерге жетті. 

 

Дата публикации
06 января 2021
Дата обновления
06 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы