Меню

Страницы

Статья

Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратына 2020 жылдың І жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратына 2020 жылдың                                            І жартыжылдығына жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

       «Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ, Көптоғай ауылы, С.Елеусинова көшесі 24,   тел: 8(71233)3-04-22 эл.пошта: koptogaiakim@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының  5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Көптоғай ауылдық округ әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы                       №29 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» шешімі қабылданды. Аталған шешім негізінде Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Рысовқа жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №14 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне  сәйкес округтің  штаттық саны – 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 4 бірлік. Есепті мерзім ішінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Округке  жеке  тұлғалардан 2020 жылдың І жартыжылдық жағдайы бойынша     өтініштер түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-04-22 сенім телефоны орнатылған. Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратында есепті мерзім ішінде округ әкімінің 55 өкім, 4 шешімі қабылданды.

Округ ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді. Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады. Округтің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Дата публикации
28 декабря 2020
Дата обновления
28 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы