Меню

Страницы

Статья

Сайлау бойынша сқрақтар мен жауаптары

Сұрақтар:

  1. Сайлау комиссиясының құрамы қанша адамнан тұрады? Қай мекеменің қызметкерлері?
  2. Сайлау комиссиясының мүшелері қай партия, қоғамдық ұйымдардан ұсынылған? Тізімдері бар ма?
  3. Сайлау комиссиясының сайлау өткізуде тәжірибелері бар ма?
  4. Сайлаушылардың тізімдерін нақтылау жұмыстары қалай жүргізілуде?
  5. Сайлау учаскелерінің шекараларын нақтылап айта аласыз ба? Қандай үйлер, көшелер, мөлтек аудандар кіреді?
  6. Сайлаушыларға шақырту билеттерін тарату жұмыстары қалай жүргізілуде?
  7. Үй-жайдан тыс дауыс беретіндерге сайлауды қалай ұйымдастырасыздар?
  8. Сайлау учаскесінде ақпараттық стендтер жасақталған ба? Ол қандай мәліметтерден тұрады?
  9. Сайлау учаскесінде кандидаттардың үгіт насихат материалдарын ілуге болады ма?

Жауап: болмайды.

 

  1. Учаскеге халықаралық байқаушылар өкілдері қалай тіркеледі? Қандай құжаттары қажет?

Жауап: ОСК аккредиттеу туралы құжаты, паспорты.

  1. Учаскеге ұлттық байқаушылар қалай тіркеледі? Қандай құжаттар қажет?

Жауап: байқаушыны жіберген ұйымның мөрі соғылып, басшының қолы, аты-жөні, байқаушының аты-жөнін көрсеткен құжат және жеке куәлік.

  1. Қандай жағдайда дауыс беру қорытындысы бойынша сайлау бюллетеньдерін қайта санауға болады?

Жауап: дауыс беру пунктінде қатысып отырған сенім білдірген адамның жазбаша өтініші негізінде бір рет қана.

  1. Дауыс беру уақыты қандай сағаттарда жүргізіледі?

Жауап: жергілікті сағат бойынша 7.00-20.00 аралығы.

  1. Сайлау учаскелері дауыс беру күні сағат нешеде ашылады?

Жауап: жергілікті сағат 06.00.

  1. Учаскелік полиция дауыс беру залында бола алады ма?

Жауап: бола алмайды. Ол тек комиссия төрағасының шақыртуымен ғана келуі тиіс.

 

  1. Егер, сайлау процесіне қатысушылар тарапынан бұзушылықтар болса, қалай әрекет етесіздер?

Жауап: егер бұзушылықтар болса, учаскелік полицияны шақырту керек. Дауыс беру пунктіндегі қатысушылар Заңға және ақпараттық стендте ілулі тұрған Ережеге бағынуы тиіс.

  1. Бір сайлаушыға туысқандары үшін қосымша бюллетеньдер беруге болады ма?
  2. Мүгедек адамдар кабинаға кіріп Сіздерден дауыс беру үшін көмек сұраса, қалай жасайсыздар?
  3. Есептен шығару куәлігі дегеніміз не? Ол қашан беріледі?
  4. Дауыс беру процесін айта аласыз ба?

Жауап:

  • учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.
  • учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.
  • комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

 

  • Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерi негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.
  • Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.
  • Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.
  • Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.
  • Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшіктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi санау нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.
  •       Бiрiншi болып тасымалданатын сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiніштердiң санына сәйкес келуге тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі барлық сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен алынған барлық сайлау бюллетеньдерiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда сонымен бiрге осы тасымалданатын жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн тұрақты жәшiктер ашылады.
  • Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды.

Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:

1) учаскедегi сайлаушылардың жалпы санын;

2) бюллетеньдер алған сайлаушылар санын;

3)комиссияның әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер санын анықтайды.

Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы бюллетеньдердiң саны бойынша:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;

2) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берілген дауыстар санын;

3) жарамсыз деп танылған бюллетеньдер санын;

4) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;

5) жойылған бюллетеньдер санын анықтайды.

 

Дауыс беруге арналған жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны сайлаушылар тiзiмдерiнің және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда, сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер саны анықталады.

Мынадай бюллетеньдер:

1) белгiленбеген үлгiдегi;

2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;

  • белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.

Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.

Учаскелiк сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды бiр рет қана жүргiзедi.

Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы тиiс.

Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.

Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi беріледi.

Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнің үй-жайында ілінедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.

 

 

 

 

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
14 декабря 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы