Жеке және заңды тұлғалардан 2020 жылдың 11 айында түскен өтініштері бойынша ХАБАРЛАМА
2020 жылдың 11 айы ішінде Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 1265 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2019 жылдың 11 айында – 1595 өтініш) 330-ға кеміп отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені – 360 (2019 жылдың 11 айында – 370 ).
2020 жылдың 11 айында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан - 8, электронды үкімет порталынан - 51, «Нұр Отан» партиясынан – 3, Құрманғазы аудандық прокуратурадан -4 өтініш. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ.
Қаралған барлығы 1265 (түрлері бойынша 1171- өтініштер, 7- шағым, 84- басқалары) 519 -не заң шеңберінде тиісті түсінік берілді, 8 өтініш қанағаттандырылудан бас тартылды, қалған 61-сі қаралуда, 677-і оң шешілді. Оң шешілгендердің 21-еуі тұрғын үй, 583-сі жер, 3-еуі құрылыс, 31-і әлеуметтік, 3-еуі коммуналдық, 4-еуі білім, 1-еуі кәсіпкерлік, 2-еуі жұмыспен қамту, 1-еуі ауыл шаруашылық, 25-сы басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй бөлу- 107, коммуналдық-шаруашылық- 23, еңбек және жұмыспен қамту -17, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 66, білім және оқу ақысын төлеу –13, жер және жерді пайдалану – 852, денсаулық сақтау - 4, кәсіпкерлік - 15, құрылыс - 25, ауыл шаруашылығы – 5, ономастика-3, басқа да мәселелермен- 135.
Үстіміздегі жылдың 11 айында аудан бойынша барлығы - 8 қайталама өтініштер түсіп, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 есеге кеміген (2019 жылы - 41).
Есептік кезеңде аудан басшылығымен барлығы 14 қабылдау өткізіліп, 64 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 3 азаматтың мәселесі оң шешілді (коммуналдық шаруашылық – 1, басқа мәселелер - 2). 57 –заң шеңберінде түсінік берілді, 4- қаралуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 30 қазанында «Ашық әкімдік» орталығында «Бірыңғай қабылдау күні» өткізіліп, 2 ұжымдық мәселемен , 4 жеке тұрғын мәселесімен қабылдауда болды. Қабылдауға барлық дербес бөлім басшылары, жауапты мамандар қатысып тұрғындарға жан-жақты түсінік берді.