Меню

Страницы

Статья

Салымшылардың қандай құқықтары бар?

Табыстың 10%  мөлшерінде зейнетақы жарналарын төлеу – ҚР әрбір азаматының міндеті екенін білемін. Ал салымшылардың қандай құқықтары бар?

 

Сіз МЗЖ салымшысы ретінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға құқығыңыз бар.

Сондай-ақ, Қор салымшыларының белгіленген кесте бойынша, 1 және 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуіне, алушының қайтыс болуына (жерлеуге, мұрагерлікке) байланысты ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін ресімдеуге құқығы бар.

Сонымен қатар, Сіз өз зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ-дан зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына аударуға, сондай-ақ, өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты сізге ыңғайлы кез келген күні алуға құқылысыз.

Деректемелеріңізді (жеке және байланыс ақпаратыңызды) өзгерту, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметке қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес алу да Сіздің құқығыңыз болып табылады.

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы