Меню

Страницы

Статья

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында 2020 жылдың 9 айының қортындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына, Құрманғазы ауданына қарасты  19 ауылдық округі және дербес бөлімдер бойынша 2020 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша барлығы  884 өтініш түсті. Оның ішінде жек тұлғалардан-834, заңды тұлғалардан- 50 өтініш. Былтырғы жылмен салыстырғанда     31 % азайып отыр.

Электронды құжат айналым бірыңғай жүйесінің өтініштерді тіркеу жүйесіне Облыс әкімі аппаратынан-8 (2019ж-9 ) өтініш, Нұр Отан партиясының облыстық филиалынан -3 (2019ж-2) , Құрманғазы аудандық прокуратурадан -3 өтініш, Электронды үкімет порталынан -37 (2019ж-27).

Түрлері бойынша 810- арыздар түсті, шағым-4 (2019ж- шағым түскен жоқ),  басқалары- 70, (2019ж- 105).

Өтініштердің басым көпшілігі:

 -Жер пайдалану және жер учаскесін беру мәселесі-599 өтініш, бұл өтініштердің ішінен 384 қанағаттандырылған. Өтініштердің жалпы санының 68% құрады.

 -әлеуметтік сала және жұмыспен қамту- 72 өтініш, оның 8-і оң шешілгені, ол жалпы санының 9% -ын құрады.

 -тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық -70 арыз, оның 9-уі оң шешілген, жалпы санының 8%- ын құрайды;

-кәсіпкерлік  мәселесі бойынша 18 өтініш, оның 1 қанағаттандырылды. Бұл жалпы соманың 2% -ын құрады.

-ауыл шаруашылығы-2, құрылыс-5, ономастика-2, денсаулық мәселелері- 4 мәселелері қамтылған. Өтініштердің жалпы санының -1%  құрады.

-білім саласы бойынша- 12, соның ішінде 2 –і қанағаттандырылған, оның 1% құрады.

-тағы басқа мәселелер -98, оның ішінде 23 қанағаттандырылған. 

Бұл өтініштердің 11 %-н құрады. (Тағы басқа мәселелерге әр түрлі семинарларға шақыру, отбасылық мәселе, жеке кәсібінің өнімдері жөнінде, заңгерлік тегін кеңес беру, көлік тасымалына рұқсат беру жөнінде, интернет желісі т.б).

Құрманғазы аудан әкіміне 2020 жылға 4 шағым келіп түсті.

Атап айтқанда,  округ әкімдерінің үстіне шағым, сот орындаушыларына, АӘК мәселесі бойынша жұмыспен қамту орталығының басшысына шағым түсірілген. (2019 жылда түспеген.)

Қайталама арыздар- 3. 2019 жылда түскен қайталама арыздар саны-44.

Жеке және заңды тұлғалардың  барлық өтініштеріне жауаптар қабылданған шешімге шағымдану құқығын  түсіндіре отырып,  белгіленген  мерзімде ұсынылады.

Азаматтардың өтініштерін  қарау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың  9 ай бойына Құрманғазы ауданы әкімімен  8 рет жеке қабылдау күндері өтіп 34 азаматты қабылдады. (2019 жылғы салыстырғанда, 10 рет жеке қабылдау өткізіп, 56 азамат қабылдады). Олардың басым көпшілігі  тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жұмыс және әлеуметтік көмек мәселесі. Оларға заң шеңберінде тиісті түсініктер берілді.

 

Дата публикации
22 октября 2020
Дата обновления
22 октября 2020
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы