«Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілетіні туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың мамыр айының 28-сі – маусым айының 28-сі күндері аралығында «Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі.