Меню

Страницы

Статья

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек? 

           Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін (еңбек ететін) адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін жұмыс берушіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы өтініш беру қажет. Қызметкерді зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер жұмыс берушіден ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Осы деректердің негізінде арнаулы әлеуметтік төлемге кіретін жоғарыда көрсетілген төлемдердің барлық түрлерін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілетін болады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан МКЗЖ және МЗЖ есебінен немесе тек МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға келісімді 1414 нөмірінен жіберілген тиісті SMS-хабарламаға жауап берумен растау қажет.  

          Осылайша, арнаулы зейнетақы төлемін алушыға жұмыс берушіге өтінішпен жүгінгеннен кейін арнайы зейнетақы төлемін ресімдеу үшін ХҚКО мен БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ, SMS-хабарламаға жауап беру жеткілікті.

 

2024 жылғы жағдай бойынша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істемейтін (еңбек етпейтін), 55 жасқа толған, пайдасына жиынтығында кемінде 84 ай бойына МКЗЖ төленген тұлғалар республикалық бюджет қаражаты және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері есебінен берілетін арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға тиісті өтінішпен жүгінулері қажет. Төлемдерді алуға арналған өтініште БЖЗҚ-дан төлемдерді алуға өзінің келісімін көрсету қажет болады.

 

 

Дата публикации
03 апреля 2024
Дата обновления
03 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы