Құрманғазы ауданы бойынша су тасқынына
қарсы жұмыстары туралы ақпарат
Аудан аумағында су тасқынын алдын алу мақсатында келесі жұмыстар атқарылды.
Құрманғазы ауданы әкімінің өкімімен құрылған арнайы комиссия отырысының хатамасы негізінде, Шортанбай, Көптоғай және Дыңғызыл ауылдық округіндегі аса қауіпті су тасқынынан қорғаныш бөгеттерін (4800 метр) қалпына келтіру үшін қаржы бөлу жөніндегі аудан әкімідігінің №48 қаулысына сәйкес, 23 780 мың теңге бөлініп, 2023 жылдың наурыз-сәуір айларында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда, Бөкейхан, Кудряшов, Сафон, Бірлік, Жаңаталап ауылдық округіндегі су тасқынынан қорғаныш бөгеттерінің құрайтын аса қауіпті учаскелері анықталып, бюджеттік өтінімдер дайындалып, аудан әкімінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Шортанбай, Көптоғай және Дыңғызыл ауылдық округіндегі аса қауіпті учаскелердің зерделу жұмыстарының нәтижесінде темір-бетонды құрылыс салуды (барлығы-9,1км;Дыңғызыл-3,8км; Шортанбай-1,6км; Көптоғай-3,7км) қажет деген шешім қабылданды. Жаға бекітуге арналған бөгет құрылысы жобасының құны 1 171 млн теңге болып анықталып, жеңімпаз болып «Төлағай-2050» ЖСШ-і белгіленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталуда.
Аудан әкімінің «Құрманғазы ауданының елді мекендерін 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі сақтық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу туралы» шешімі шығарылып, іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыс тобы құрылып, жауапты мемлекеттік органдарга тиісті тапсырмалар берілді.
Су тасқыны кезінде Қиғаш, Шарон өзендерінің деңгейлері «Казгидромет» РМК мекемесінен күнделікті алынып, бақылауға алынды.
Қауіпті учаскелердегі тұрғындарды құлақтандыру 23 дабыл қондырғысы (С-40–1дана, «Вестник»-2дана, «Марс-Арсенал»-20дана) арқылы жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар орын алған кезде көшірілетін халықты орналастыру ақсатында Құрманғазы ауданы әкімдігінің №209 «Құрманғазы ауданы бойынша эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссиясын құру туралы» қаулысымен 26 эвакуациялық қабылдау пункттері мен 5 эвакуациялаудың аралық пункттері бекітілді.