Меню

Страницы

Статья

Құрманғазы ауданының әкімі А.Жанғалиевтің 2023 жылдың 9 ай қортындысымен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасы

Құрманғазы ауданының әкімі А.Жанғалиевтің 2023 жылдың 9 ай қортындысымен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасы

 

         Қадірменді аудан тұрғындары!

 

Жыл сайын барлық санаттағы әкімдер өткен жылды қорытындылап, атқарған жұмыстары туралы халыққа есеп беріп, алдағы жоспарлары мен міндеттерін белгілейді.

Құрманғазы ауданы бойынша 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен 2021 жылғы міндеттер туралы баяндама жасауға рұқсат етіңізер!

 

Құрманғазы ауданының 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

 

Құрманғазы ауданы бойынша 19 ауылдық округ 49 елді мекендегі халық саны – 55 965 адамды құрайды. Ауданның  барлық жер көлемі – 2 086 066 гектарды құрайды.

 

Өнеркәсіп

2023 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 880,0 млн. теңгені құраса, 2022 жылдың есепті кезеңінде 9 004,0 млн. теңгені құраған, нақты көлем индексі 183,5%.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі 925,0 млн.теңге болып, нақты көлем индексі 99,2 пайызды құрап отыр. Былтырғы жылдың есепті кезеңінде өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі 890,0 млн.теңге болған.

 

Ауылшаруашылығы саласы бойынша

Аудан экономикасының дамуының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады.  2023 жылдың 9 айында өндірілген жалпы өнім көлемі 19 042,8 млн. теңгені құрап 100,7%-ға орындалды.               (2022 жылдың есепті кезеңінде – 18 617,3 млн.тг.)

 

 

Мал шаруашылығы

2023 жылдың 9 айында өндірілген мал шаруашылығы өнім көлемі 12 787,1 млн. теңгені құрап 100,7%-ға орындалды.              

Есепті кезеңде 8104,7 тонна ет, 10691,3 тонна сүт, 106,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, мүйізді ірі қара – 78 667 қой,ешкі – 203 353; жылқы-35 033; түйе – 5 077 басқа жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда төрт түлік мал басында өсім бар. (ет-100,9, сүт-100,6; жұмыртқа -100,4; мүйізді ірі қара -110,1; жылқы-110,1 пайызға өссе,  қой-ешкі-99,9 пайызды,  түйе-98,9 пайызды  құрады).

Қой-ешкінің кему себебі: шаруашылықтар және жеке тұрғындар қой малдарының жүн терісі, еті өтпеуіне, сонымен қатар, қой малы бағуды талап етуіне байланысты мал бағатын бақташылардың жетіспеушілігі салдарынан өз қажеттіліктеріне тұтынуда. Осыған орай, қазіргі таңда ұсақ мал басын азайтып, шаруа қожалықтар мен жеке тұрғындар ірі қара, жылқы малын өсіруге бет бұруда.

 

Асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен Ауыл шаруашылығы кооперативтері жөнінде

         Аудандағы 4 ауыл шаруашылығы құрылымдарында барлығы          27296 бас асыл тұқымды Еділбай қойы, «Құрманғазы» ӨК-де 303 бас асыл тұқымды түйе малы және 6 шаруа қожалығында 1869 бас мүйізді ірі қара малдары бағылуда.

         "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес, жыл басынан бері 47 шаруашылық субъектілеріне сатып алған  8 бас асыл тұқымды бұқаға 1,2 млн. теңге субсидия, тұқымдық  түрлендіруге қатысып жатырған 2147 бас аналық мүйізді ірі қараға  21,4 млн. теңге және сатып алынған 15 бас асыл тұқымды қошқарға 195,0 мың теңге,барлығы 22,8 млн.теңге субсидия төленді.

 

Балық шаруашылығы

Аудан көлемінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес қызмет атқаратын «Каспий-Балық» ӨК, «Каспий таңы» ӨК, «Ш.Сүлейменов» ЖШС, «Е.Сәрсенбаев» ЖК бар, бұл шаруашылықтардан басқа Атырау қаласындағы «Аманкелді», «Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бөлімшелері аудан аумағында балық шаруашылығымен айналысады.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы №190 санды бұйрығына сәйкес «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығының Қиғаш өзені және Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігіне балық шаруашылығы субъектілеріне  2023 жылдың                             1 шілдесінен 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа балық аулау квотасы бекітілді.

Осы бұйрыққа сәйкес барлық балық шаруашылығы субъектілері өз жұмыстарына 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қана кірісті.

 

Егін шаруашылығы

2023 жылдың 9 айында өндірілген егін шаруашылығы өнім көлемі 5709,9 млн. теңгені құрап 100%-ға орындалды.              

Аудан бойынша барлығы 907 гектар жерге егін егілді, оның ішінде 347 гектар картоп, 212 гектар көкөніс, 94 гектар бақша және 254 гектар мал азықтық дақылдары. Аталған 907 гектардың 395 гектары шаруа қожалықтарға тиесілі болса, яғни 44 пайызы, ал қалған 512 гектарын жеке тұрғындар егіп отыр, яғни 56 пайызы.

Науқандық жұмыстарға 27 доңғалақты тракторлар, 2 шынжыр табанды трактор, 9 әртүрлі ауыл шаруашылығы агрегаттары (культиватор, сеялка, плуг т.б), 130 адам күші жұмылдырылып,                       3 тонна тыңайтқыш (селитра) алынды.

 

                   Кәсіпкерлікті  қолдау және оны дамыту туралы

 2023 жылдың 9 айында аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3408 (01.10.2022ж. 2937 – өсім 116%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандарының саны 3135 болды (01.10.2022ж. 2662– 17,8% өсім).

2023 жылдың 1 қазан жағдайына аудан бойынша                                 122,8 млн. теңгенің жалпы аумағы 532,8 шаршы метр құрайтын                         5 кәсіпкерлік нысандарының (2 балық өңдеу цехы, 2 дүкен, 1 шайхана) құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Бизнесті қолдау бағытында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген пайыздық мөлшерімен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша 19 кәсіпкерлік субъектісіне 94,7 млн.теңгенің, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 1 кәсіпкерлік субъектісіне егін шаруашылығын  дамытуға 2,5 млн  теңгенің, «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша 8 кәсіпкерлік субъектісіне                                83,4 млн.теңгенің несиесі берілді.

Сонымен қатар, 21-35 жас аралығындағы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағындағы жастарға арналған несиелеу бойынша аудан бойынша 13 жоба мақұлданып, 9 айда 11 жобаға жалпы құны                     47,7 млн. теңге несие берілді.

         ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен                    «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде  жаңа бизнес-идеяларды  іске асыруға жұмыспен қамту орталығы арқылы  жалпы құны 34,5 млн.теңгені құрайтын 25 грант берілді.

            «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1 кәсіпкерлік субъектісіне                            47,9 млн.теңгеге 1 арнайы техника (круговая дождевальная машина Standard R505m) қаржыландырылды.

Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде  сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 2 жоба 17,0 млн.теңге, банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша 4 жоба 32,6 млн.теңге мақұлданды.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша  31 адам өтініш беріп, оның 14 мақұлданды (108,0 млн. теңге). 13 адамның өтініші қаралуда, 4 адамның құжаттары түгел болмауына байланысты, қосымша құжаттар сұратылды.

 

Халықты жұмыспен қамту

Жұмыспен қамту орталығына 3182 адам жүгініп, оның                            2831 жұмыссыз ретінде тіркелді. 9 ай ішінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандары – 1561 адам. (оның: бос жұмыс орындарына орналасқандары –328 адам, қысқа мерзімдік оқуға жіберілгендер – 31 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқығандар – 277 адам, жастар тәжірибесіне жіберілгені -108 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгені-35 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы  бойынша орналасқандар-10 адам, «Күміс жас» жобасы  бойынша орналасқандар-41 адам, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы бойынша орналасқандар-2 адам,  қоғамдық жұмыстарға қатысқаны – 729 адам.)

Есепті мерзім соңында тіркеуде қалған жұмыссыздар саны – 2078 адам, жұмыссыздық деңгейі 6,1% құрады. Облыс, аудан көлемінде және барлық округ аумағында науқандық жұмыстардың басталуына байланысты ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға көбейіп отыр. (2022 жылдың есепті кезеңінде - 1611 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 4,6% құраған).

1355 жаңа жұмыс орны ашылды, 430 тұрақты, 925 уақытша.

Ауданда бос жұмыс орындарына 2 рет жәрмеңке өткізіліп,оған барлығы 17 жұмыс беруші, 77 жұмыссыз адам қатысып, 43 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Бірінші  бағыт бойынша қысқа мерзімдік қайта даярлау оқуларына 50 жұмыссыз оқытылады деп жоспарланып, оған  10,5 млн. теңге қаржы қаралды. Күні бүгінге жұмыс берушілерден сұраныс болмауына байланысты оқуға адам жіберілген жоқ.

Екінші бағыты бойынша 35 адамға мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 48,3 млн. теңге қаржы бөлінді. 9 айда 25 адам 34,5 млн. теңге грант алды. (18 қызмет көрсету саласы, 6 малшаруашылығы, 1 егіншаруашылығы.)

          Жыл ішінде грант алуға үміткер 277 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып сертификаттарын алса, 207 жұмыссыз адам онлайн skills бағытында оқып, сертификаттарын алды.

Үшінші бағыты:

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 35 адам, жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 108 адам, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 729 адам қамтылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы  бойынша  13 адам, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы бойынша 2 адам, «Күміс жас» жобасы бойынша 41 адам жұмысқа орналасты.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша (ШАК):

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны 166, алушы адам саны 1009. Бюджеттен 67,7 млн. теңге қаржы тағайындалды. Оның ішінде шартты ақшалай көмек алушы отбасы-146, адам саны саны-910 адам. (2022 жылдың есепті кезеңінде отбасы саны – 152, алушы адам саны - 939 адам,40,9 млн. теңге.)

Бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарына  ай сайынғы берілетін әлеуметтік көмек бойынша:

Аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын 208 мүгедекке жалпы сомасы                  8,3 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі тағайындалып, төленді.

Аз қамтылған отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек бойынша         10 адамға  800,0 мың теңге төленді.

Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп,              9 айда 107 адамға 18,0 млн. теңге төленді. (2022 жылдың есепті кезеңінде 115 адамға 15,3 млн теңге).

Мүгедектерді оңалту

Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 2553 ( І топ - 212, ІІ топ- 1001, ІІІ топ – 1045, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала 295).

Ағымдағы жылдың 9 айында тифлотехникалық құралдармен                     126 адам, сурдотехникалық құралдармен 37 адам, кресло – арбамен                31 адам, протездік – ортопедиялық құралдармен 117 адам, міндетті гигиеналық құралдармен 328 адам қамтылды.

Санатор-курорттық емдеу қызметіне 349 адам өтініш беріп, 159 адам санатор курорттық ем алып келді. 81 адам қазан, қараша айларына ем алуға санаториядан орындарын брондап қойса, 17 адам денсаулығына байланысты бас тартты, 92 адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторияға тапсырыс беру  керектігі жөнінде жұмыстары жүргізілуде.

 

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қызметі бойынша мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 55 адам облыстық сауықтыру орталығына емделуге жіберілді.

«Құрманғазы ауданынның зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жартылай стационарлық жағдайда мүмкіндігі шектеулі 20 балаға, 96 жалғызбасты қарияға және 47 мүмкіндігі шектеулі балаларға 8 бағыт бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетеді. (тұрмыстық, педогогикалық, медициналық, психологиялық, мәдени, экономикалық, құқықтық және еңбек).

Білім беру саласы

Ауданда  33 мектеп, 1 кешкі мектеп, 1 педогогикалық түзету кабинеті, 23 бала бақша және 5 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

Ауданда апаттық мектептер мен үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Ағымдағы жылы орын тапшылығын жою бағытында Құрманғазы және Ақкөл ауылдарынан «Жайлы мектеп» жобасы бойынша                         600 орындық жаңа мектеп құрылысы жұмыстары басталуда.

Аудан бойынша оқушылар саны – 10788. 2022-2023 оқу жылында 23 мектепке дейінгі мекемеде 1740 бүлдіршін тәрбие алуда. Одан басқа 23 мектеп жанынан 33 шағын орталық топтарында 479 бүлдіршін білім  алуда. 33 мектепте 5 жастағы 1112 оқушы мектепалды даярлық  тобымен қамтылып отыр.

Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 300 педагог жұмыс жасайтын болса, білім беру ұйымдарында 1348 педогог қызмет атқарады. Оның        24-і жоғары санатты, 34-і бірінші санатты, 12 мұғалім шебер-педагог, 268 мұғалім зерттеуші-педагог, 464 сарапшы-педагог.

3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамту көрсеткіші                  100%, 1-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту                        85,1 пайызды құрады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында ауданда жалпы білім беретін мектептерде 86 оқушы инклюзивті білім алады, жалпы білім беретін орта мектептердегі арнаулы сыныптарда 62 оқушы оқиды, 37 оқушы үйден оқиды және 30 оқушы денсаулығына байланысты оқымайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан есептегенде 72,9 пайызы инклюзивті біліммен қамтылып отыр.

Мектептерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру, сауықтыру жұмыстары сапасын арттыру бағытында 8,0 млн теңге қаржыға 2 инклюзив кабинеті Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебіне, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатына сатып алынуда.

Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Сенім тірегі» қолдауымен «Құрманғазы туған жер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  ерекше білімді қажет ететін 10 оқушыға  10 тьютер - ассистент маманы жұмыс  жасайды.

Ағымдағы жылы 6 мектепке (С.Мұқанов, Шортанбай, С.Имашев, Ю.Гагарин, Н.Манаев, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты) 206,0 млн. теңге бөлініп, мектептің бірінші қабатына, асхана, кітапхана бөлмелеріне модернизация жұмыстары жүргізілді.

Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мақсатында 21 037,0 мың теңге, бала бақшаларға 6 408,0 мың теңге, қосымша білім беру ұйымдары 460,0 мың теңге, педагогикалық түзету кабинеті 1000,0 мың теңге, барлығы 28 905,0 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру ұйымдарын қысқы жылу маусымына дайындау үшін 15 мектеп,  6 балабақша, 1 қосымша білім беру ұйымына 67 700,0 мың теңге бөлініп, 8 дана ток генераторы, 3 дана жылу қазандығы, 13 дана су айдау насосы және тағы басқа да қажетті заттар сатып алынып, білім беру ұйымдарына жылу маусымына дайындық  жұмыстары жүргізілді.

 

Денсаулық  сақтау саласы

Аудан тұрғындарына 35 медициналық мекеме қызмет көрсетеді.         (100 орындық аудандық аурухана, бір мезгілде 250 пациент қабылдауға мүмкіндігі бар аудандық емхана (поликлиника), 10 төсектік 2 ауылдық ауруханалар, 14 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 14 медпункт).

         2023 жылдың 9 айының қорытындысымен аудан бойынша                       71 дәрігер, 340 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді, 6 дәрігер жетіспеушілігі бар (1 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 акушер-гинеколог,                              1 анестезиолог-реаниматолог, 1 эндокринолог, 1 радиолог, 1 хирург).

Ауданның демографиялық көрсеткіштеріне тоқталар болсақ:

Туу көрсеткіші 2023 жылдың 9 айында – 690, көрсеткіші 12,2;                 2022 жылдың 9 айында – 822, көрсеткіші 14,2;

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші: 2023 жылдың 9 айында – 234, көрсеткіші 4,1;  2022 жылдың 9 айында – 302, көрсеткіші – 5,2.

Сәби өлімі 2023 жылдың 9 айында 3 бала, көрсеткіші 4,3.                      2022 жылдың 9 айында 12 бала, көрсеткіші 14,5.

Салыстырмалы кезеңділікте аудан бойынша 1 ана өлімі (өкпе эмболиясынан) тіркелген.

Аудан бойынша туберкулез ауруымен 75 науқас диспансерлік есепте тұр. Оның 3 балалар, 1 жасөспірім, 15 фертильді жастағы әйелдер.

Жоспарланған  19197  флюорографиялық  тексеріс 93,7 пайызға орындалып,  77 жете тексеріске шығарылды. Флюрографиялық тексеріс нәтижесінде 24 туберкулез ауруымен науқас анықталды, оның 6-ы қайталап ауырғандар болып отыр.

Аудан бойынша тұрғындар арасында туберкулез ауруы алғаш рет анықталған науқастар саны - 30 адам. Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 14 адамға азайып отыр. (2022 жылдың есепті кезеңінде балалар – 7, жасөспірімдер - 3 жағдай; 2023 жылдың есепті кезеңінде балалар –1, жасөспірімдер - 1 жағдай тіркелген.)

Ауданда 338 адам онкологиялық аурулармен есепте тұрады, оның 5-і 18 жасқа дейінгі балалар. Есепті кезеңде 59 адамнан алғаш рет онкологиялық аурулар анықталып, есепке алынды. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 105,1 сырқаттанушылықты құрайды. 9 айда есепте тұратын науқастардың ішінде 36 адам қайтыс болған, оның 5-і биылғы жылы алғаш анықталған науқас.

Тұрғындар арасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік бақылау және сақтық шаралары бағытындағы жұмыстар үнемі жүргізіліп, қатаң бақылауда.

Аудан тұрғындарына алғашқы санитарлық медициналық көмекті қолжетімді түрде көрсету мақсатында жыл сайын жылжымалы медициналық кешен елді-мекендерді аралап, медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Есепті кезеңде 18 елді мекенде болып, 7323 тұрғынға медициналық көмек көрсетті. (1061 диагностикалық қызмет, 2651  лабораториялық қызмет, 5897 тұрғынға дәрігерлік кеңес). Зерттеу нәтижесінде 48 тұрғыннан әр түрлі аурулар анықталып, 48 пайызы диспансерлік есепке алынды.

 

Мәдениет және спорт саласы

Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты  21 - мәдени  мекемелері, 28 – аудандық, ауылдық кітапханалар, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық «Жиделі» фольклорлық ансамблі, 4 - халық театры,                            1-Халықтық қазақ ұлттық аспаптар оркестірі халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Есепті кезеңде 1259 мәдени шара өткізілді, оның ішінде 54 шара ақылы. 2022 жылдың есепті кезеңінде 1258 шара өткізілген. (ақылы – 0)

Аудан бойынша спорттық ғимараттардың саны 185 бірлікті құрайды. Соның ішінде 1 стадион, 1 спорт кешені, 3 ангар типті спорт кешені, 38 спорт зал, 142 әртүрлі спорт алаңдары (оның ішінде баскетбол, волейбол, шағын футбол, стритбол алаңдары), жұмыс жасайды.

2023 жылдың қыркүйек айы бойынша ауданда әр түрлі жастағы тұрғындардың жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 16550 адам немесе аудан тұрғындарының 28,9% құрап отыр.

Ауданда 1 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі және Бөкейхан, Шортанбай, Ақкөл бөлімшелері жұмыс жасайды. Онда спорттың                      10 түрінен (бокс, еркін күрес, қазақ күресі, таеквондо, футбол, дзюдо, волейбол, үстел теннисі, грепллинг, кикбоксинг) 1045 оқушы спорттық шеберліктерін шыңдауда. Жаттықтырушылар саны – 29.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортқа тарту мақсатында                 1 спорт  нұсқаушы, 1 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Спорттың дойбы, шахмат, үстел теннисі және пневматикалық мылтық ату түрлерінен 30 адам спортпен айналысады.

Ауылдық округ аппараттары жанынан 19 спорт нұсқаушы-әдіскер жұмыс жасайды.

Аудан бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» - 8 адам,  «Қазақстан Республикасының спорт шебері» – 8 адам, «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер» -  74 адам.

Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2852 адамның қатысуымен 1 республикалық, 6 облыстық,           33 аудандық деңгейдегі спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға 51 рет қатысып, оған 377 спортшы аудан намысын абыроймен қорғап жетістіктерге жетті. 

 

Бюджет және салық саясаты   

         2023 жылдың 9 айында жергілікті бюджетінің кіріс бөлігіне                     2614,5 млн.теңге түсімдер түсіп, жоспар 121,4 пайызға орындалды. Немесе жоспардан 460,9 млн. теңге артық түсіп отыр.

2023 жылдың 9 айында бюджеттің шығыс бөлігі 5204,0 млн.теңгеге жоспарланып, 5164,5 млн.теңгеге немесе 99,2 пайызға орындалды.

 

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша

2023 жылдың 9 айында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылға келген білім беру саласының 21  маманына, мәдениет саласының 2 маманына, денсаулық саласының 5 маманына,спорт саласының 2 маманына, ветеринария саласының 5 маманына және                   2 мемлекеттік қызметшіге, барлығы 37 маманға 12,7 млн теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленді.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 10 маманға                      51,7 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие жоспарланып отыр. 9 айда білім саласының 3 маманына 15,5 млн. теңге несие берілді.

Құқық қорғау

Құрманғазы ауданының полиция бөлімімен аудан аумағындағы құқықбұзушылықпен күреске және құқық тәртібін нығайтуға бағытталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге тиісті шаралар қабылданып, қылмыстардың алдын-алу, ашу және тергеу нәтижелігін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар жүргізілуде.

2023 жылдың 9 айында аудан көлемінде 85 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 16,7 пайызға төмендеп отыр. (2022 жылдың  есепті кезеңінде-102 факт). Оның ішінде 74 қылмыс тіркеліп, 2022 жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға төмендеп отыр.(87 факт)

Аудан көлемінде ауыр және аса ауыр қылмыстарды болдырмау мақсатында барлық учаскелік полиция инспекторлары өз аймақтарында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, бұрын сотталып келгендермен, соның ішінде «мерзімнен бұрын шартты босап келген», әкімшілік қадағалауда тұрғандармен алдын-алу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде есепті кезеңде 27 ауыр қылмыс тіркеліп, былтырғы жылдың есепті кезеңінде 33 болып, қылмыс 18,2 пайызға төмендеген. Орта дәрежелі қылмыс барлығы 34 тіркеліп (былтыр – 47), қылмыс 27,7 пайызға төмендеген. Онша ауыр емес қылмыс 13 тіркеліп отыр, (былтыр – 7), қылмыс 85,7 пайызға өсіп отыр. Қылмыстың өсу себебі олар интернет – алаяқтық және жол – көлік оқиғалары болып отыр.

Ауданда жедел жағдайдың ахуалын талдап және кешенді полиция күштерінің, патрульдік полиция жасақшыларының, сондай-ақ көшедегі қылмысқа қарсы күреске, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз етуге құқық қорғау бағытының қоғамдық құрылымдарының мәндік, мақсатты жұмысын ұйымдастырып бақылауға алынды. Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шаралары әзірленіп  іске асырылды. Тұрмыстық құқық бұзушылықтардың, маскүнемдіктің, бұзақылықтың алдын алуға және есепте тұрған адамдардың жеке профилактикасына ерекше көңіл аударылды. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды сақтау, түнгі уақытта көңіл көтеретін мекемелерде және тұрғын үйдің тыс жерлерде болу, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасауға тарту фактілерін анықтау мақсатында кәмелетке толмағандар жаппай жиналған жерлерде рейдтік тексеру іс-шараларын тоқсан сайын өткізіліп отыр.

 

Инвестициялық қызмет және инфрақұрылым

2023  жылдың 9 айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі  83 823,0 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 5751,3%.

Ал құрылыс жұмысының көлемі  1095,0 млн. теңге болды, нақты көлем индексі 50,4 пайыз.

2023  жылдың 9 айында 17 299 шаршы метрді құрайтын 118 жеке тұрғын үй қабылданып, пайдалануға берілді. Нақты көлем индексі 137,2%. (2022 жылдың есепті кезеңінде тұрғын үйлерді пайдалануға берудің көлемі 12 608 шаршы метр, үй саны 90 құраған).

Бөкейхан және Кудряшов ауылдарындағы су тазарту имараттары мен су құбырлар желілерін қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс монтаж жұмыстары құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты тоқтап тұр. Күні бүгін ЖСҚ-ға түзетулер енгізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Облыстық бюджеттен 9,7 млн. теңге қаржы бөлініп, Жұмекен, Сафон ауылдарына 48 орындық спорт кешенінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама жасақталуда.

 Құрманғазы ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту үшін 400,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 9 айда 200,0 млн. теңге қаржы игерілді.

Нұржау ауылына спорт кешенінің құрылысына 250,0 млн. теңге қаржы бөлінді, мердігер мекеме «Нұрлы таң Ақтөбе» ЖШС. 9 айда 72,0 млн. теңге қаржы игерілді.

Көптоғай ауылына электр желілерін қайта жаңғыртуға 100,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 9 айда 28,8 млн. теңге қаржы игерілді.

Азғыр ауылына жаңадан 100 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен 67,9 млн. теңге бөлінді. Құрылысы 2021 жылы басталған Азғыр ауылына жаңа клуб құрылысы бүгінгі күнге дейін аяқталмай, мердігер мекемемен келісім шартта керсетілген міндеттемелер орындалмай келеді.

 2023 жылдың 17 сәуірінде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына №06-07-06-04-3/510 хатымен тұрақсыздық айыппұл өндіру жөнінде талап арыз жолданды. Сонымен қатар Құрманғазы ауданы прокуратурасының 30.03.2023 жылғы №2-05-23-00299  заң бұзушылықты жою туралы ұсынымына сәйкес келісім шарт тоқтатылды. Нысан құрылысын аяқтау үшін қайта конкурс жарияланып, жеңімпаз «Гранд Мастер» ЖШС анықталды. Келісімшарт жасақталуда.

Асан және Ғ.Алипов ауылына мәдениет үйінің құрылысына жобалау сметалық құжат байламы жасақталуда.

«7 разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" облыстық маңызы бар автомобиль орташа жөндеу (0,36 км) жұмыстарына «Атырау жолдары» ЖШС мен келісім шарт жасақталды. Жобаның құны 1 455243,0 мың теңге. Құрылыс мерзімі 2021 – 2023 жылдарды қамтиды. Тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. (17 км жер жұмысы, жол қабатын қыру, жер бедерін түзету. 8 шақырым ПГС, геотекстиль төселді). Қазіргі таңда 17 шақырым жер негіздері жасалынды. 14,5 км топырақ төсеу жұмыстары жүргізілді.                                                                      

"7 разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" облыстық маңызы бар автомобиль орташа жөндеу (36 – 98 км) жұмыстарына жобалау – сметалық құжаттама жасақтауға «Уралводпроект» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жобалау – сметалық құжаттама жасақталып, 2023 жылы 22 маусымда №РЗ/Атырау-555/2023 оң қорытындысы алынды. Жоба құны 5 367,0 млн. теңге.

Аудандық маңызы бар «Ақкөл – Қызылоба – Жыланды –                           4 разъезд – Қиғаш» автомобиль жолын қайта жаңғыртуға 2020 жылы 444,0 млн теңге қаржы бөлініп игерілді. 2021 жылға РБ-тен 200,0 млн. теңге, ұлттық қордан 375,0 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.           2023 жылға ұлттық қордан 1,0 млрд. теңге, облыстық бюджеттен                  250,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Есепті кезеңде барлығы 451,8 млн. теңге қаржы игерілді. Жол құрылыс жұмыстарының құны 4 875,9 млн. теңгені құрайды. Қайта жаңғыртудан өтетін жолдың ұзындығы 43,2 км. Қазіргі таңда, 29,5 шақырым жолды қырып тегістеу жұмыстары жүргізіліп (планировка), 28 шақырым жолдың астыңғы қабаты төселді. 

Ақкөл ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту үшін 2021 жылы облыстық бюджеттен 400,0 млн.теңге қаржы жоспарланып, толық игерілді. 2023 жылға облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге қаржы жоспарланып, 9 айда 100,0 млн. теңге игеріліп отыр.

Нұржау ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттен 34,9 млн.теңге қаржы жоспарланып, 9 айда 4,0 млн. теңге игеріліп отыр.

Сафон ауылдық округінің Затон учаскесіне кірме жол көпірімен қоса салу үшін облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге қаржы жоспарланып,                   9 айда 217,6 млн. теңге игерілді.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 300 орындық мәдениет үйлерінің құрылыстары үшін Бөкейхан ауылына ұлттық қордан 317,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 476,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Жаңа клуб ғимаратының  құрылыс - монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталып, биылғы жылға қаржы бөлінгенімен, күні бүгінге құрылыс жұмыстары тоқтап тұр, себебі, нысан құрылысы құрылыс материалдарының бағасы қымбаттауына сәйкес жобаға түзетулер енгізілуіне орай тоқтап тұр. 2023 жылы 9 маусымда Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудит қорытындысы алынды. Облыстық бюджеттік комиссия қарауына енгізіліп, 2023 жылдың 15 тамызында түзету жөніндегі оң қорытындысы алынды.

Бірлік ауылына ұлттық қордан 250,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 25,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 9 айда 120,5 млн. теңге қаржы игерілді.

Көптоғай ауылына облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 9 айда 55,5 млн. теңге қаржы игерілді.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қоры есебінен  Сүйіндік ауылында спорт кешенінің құрылысына 250,0 млн. теңге бөлініп, 9 айда 50,0 млн. теңге игерілсе, Сүйіндік, Жалғызапан, Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Кадырка, РТС, Жапырық, Алға, Даулеткерей, Нұржау, Орлы, Шестой елді мекендеріне спорт алаңдары құрылысына 556,4 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 150,0млн. теңге қаржы игерілді.

Ауданда елді мекендерді одан әрі дамыту бағытында  бірнеше нысанның жобалау – сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Жыланды ауылының  ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары;

Құрманғазы ауылына қатты тұрмыстық қалдықтар полигон құрылысы;

Құрманғазы ауылына қатты тұрмыстық қалдықтардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы;

Қошалақ елді мекенін сумен жабдықтау;

Кудряшов ауылдық округі Лазо елді мекеніндегі электр желілерін қайта жаңғырту;

Дыңғызыл ауылдық округінде электр желілерін қайта жаңғырту;

Жұмекен, Сафон ауылдарына 48 орындық спорт кешенінің құрылысы;

Асан және Ғ.Алипов ауылына мәдениет үйінің құрылысы;

Приморье, Даулет, Хиуаз, Куйген, Жыланды, Г.Алипов, Балыкшы, Жана ауыл, Шортанбай, Жасталап, Кигаш, Д.Нурпеисова, Бирлик, Сафон, Бөкейхан елді мекендеріне спорт алаңдары құрылысы;

Дыңғызыл, Шортанбай, Көптоғай ауылдарына жаға бекіту бөгеттерінің құрылысы;

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 ноября 2023
Дата обновления
28 ноября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы