Құрманғазы ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл жөніндегі жауапты уәкілетті лауазымды тұлға - аудан әкімінің орынбасары М.Хасанов аудан көлеміндегі тіркелген үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2018 жылғы 5 маусымдағы №23 хаттамасының 3.2.1 тармағына сәйкес, биліктің халыққа және қоғамдық институттарға есеп беруінің жаңа құралы – мемлекеттік органдарда үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл бойынша жауапты уәкілетті лауазымды тұлғалардың қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі енгізілген болатын. Осыған орай, Құрманғазы ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл жөніндегі жауапты уәкілетті лауазымды тұлға - аудан әкімінің орынбасары М.Хасанов аудан көлеміндегі тіркелген үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізіп, олардың проблемалық мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері ауданда мүгедектерге арнап, инватакси қызметін жүзеге асыру, бала бақшаларда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы топтар ашу, олардың дәрігерлерге кезексіз қаралуына мүмкіндік жасау, ауданда иппотерапияны дамыту сияқты басқа мәселелерді көтерді. Уәкілетті тұлға көтерілген мәселерді өз бақылуына алып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар беріле отырып, заңнамалық шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.