2022 жылдың қорытындысы бойынша Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
есебі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.
«Жер қатынастары саласындағы мемлекетік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР ауыл шаруашылығы министрінің
1.10.2020 жылғы №301 бұйрығына сәйкес «Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 4 қызмет түрі көрсетіледі.
1)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу:
- есепті мерзімде округ аппараты арқылы қызмет көрсетілмеді,
2) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру:
- есепті мерзімде округ аппараты арқылы қағаз түрінде 3 қызмет көрсетілді,
3) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру:
- есепті мерзімде округ аппараты «Е-Лицензиялау» жүйесі арқылы 1 қызмет көрсетілді,
4) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
- есепті мерзімде округ аппараты арқылы 1 қызмет көрсетілді.
Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Соңымен қатар, округ әкімінің аппараты ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.
2022 жылдың қорытындысымен қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және пайдалану бағыттары жөнінде тұрғындармен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, 2022 жылдың ішінде мемлекеттік қызметтер алу жөнінде округтің «Facebook» әлеуметтік парақшасында 2 мақала, 8 мемлекеттік қызмет алу және мемлекеттік қызметтер көрсетілген жөнінде ақпараттар орналастырылды.
Электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет бұрышы ашылып, соңғы үлгідегі компьютер, камера, принтермен қамтамасыз етілді.
2022 жылдың ішінде ауылдық округ тұрғындары 169/бір жүз алпыс тоғыз/ электрондық цифрлық қолтаңба алды, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 305/ үш жүз бес/ қызмет, 19/он тоғыз/ түрі бойынша көрсетілді.
Кесте:
|
р/с |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы |
Көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы |
2 |
|
2 |
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру |
23 |
|
3 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру |
1 |
|
4 |
"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру |
27 |
|
5 |
"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру |
27 |
|
6 |
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу |
53 |
|
7 |
"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру |
13 |
|
8 |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту |
16 |
|
9 |
Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама алу |
117 |
|
10 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға |
2 |
|
11 |
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
2 |
|
12 |
Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша |
5 |
|
13 |
Вакцина алғандығы жөнінде егу паспортын алу |
1 |
|
14 |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
9 |
|
15 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді ұсыну |
2 |
|
16 |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жерінен есептен шығару |
1 |
|
17 |
Салық жөнінде берешігі бар немесе жоқтығы туралы аңықтама |
2 |
|
18 |
Мүгедектікті растау туралы аңықтама алу |
1 |
|
19 |
Жерге учаскесіне кезекке қою |
1 |
|
Барлығы |
305 |
|
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Округ әкімі Р.Камзаева