Құрманғазы ауданында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат

 

Құрманғазы ауданында  «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат

 

2026 жылдың 3 айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 292 өтініш тіркелді.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 0,72%-ға артып отыр. (2025 жылдың 3 айында - 212 өтініш түскен).

Оның ішінде, арыздар-136, шағымдар-43, сұрау салу, үн қосу, хабарламалар -101, ұсыныстар -12.

          Аудан әкімі аппаратына-174, ауылдық округ әкімі аппараттарына-68, ауданның дербес бөлімдеріне-50 өтініш түсті.                             

Барлығы 263 өтініш қаралды. Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер: заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені-177, оң шешілгені - 33,  қараусыз қалдырылғаны– 13.  Орындалу үстінде – 27, құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға 13 өтініш қарауға жіберілді.

 «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды:

ТОП -1: Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша –92;

ТОП -2: Жер қатынастары мәселесі бойынша өтініштер саны -61;

ТОП-3: Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша- 5.

 

Соның ішінде, жер мәселесі бойынша- 19 өтініш оң шешілді.

2026 жылдың 3 айында аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен  68  қабылдау ұйымдастырылып, 145 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 36 өтініш оң шешілді, 109 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде, аудан әкімімен 9 қабылдау ұйымдастырылып, 27 азамат жеке қабылданды.

Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы

2026 жылдың 3 айында АҚО-на келген азаматтардың жалпы саны –164   болды. Оның ішінде: кеңес алғандар саны - 63,  жеке қабылдау саны- 31, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны - 101 болды.

 2026 жылдың 3 айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы –292 өтініш тіркелді. Соның ішінде, орталықта тіркелген өтініштердің саны – 159-ді құрады.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.

 

 

 

Ескертпе: 2026 жылдың 2 тоқсанына арналған жергілікті атқарушы органдар басшыларының Азаматтарды қабылдау орталығындағы азаматтарды қабылдау кестесімен және  ауылдық округ әкімдерінің азаматтарды қабылдау күндерінің кестесімен, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша тұрғындардың ең жиі қоятын сұрақ-жауаптарымен  gov.kz ресми прақшасынан танысуға болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат
Дата публикации
13 апреля 2026