Мүгедектерді оңалту бойынша 2018-2019 жылдар атқарылған жұмстар туралы ақпарат
Аудан бойынша 2018 жылдың желтоқсан айында мүгедек жандардың саны 2703 адам ( І топ - 189, ІІ топ- 1224, ІІІ топ - 1021,18 жасқа дейінгі мүгедек 269 бала (І топ - 2, ІІ топ- 14, ІІІ топ -16, 16 жасқа дейін бала -237) болып отыр.Тифлотехникалық құралдармен 84 адам (9-ноутбукпен, 16-сағатпен, 16-термометрмен, 7-ұялы телефонмен, 3-оқу машинасымен, 3-тонометрмен, 3-жазу құралымен, 3-жазу грифелімен, 2-жазу қағазымен, 12-тифлотаяқпен,10-плейермен) қамтылды. Сурдотехникалық құралмен 51 адам (15-ұялы телефонмен, 5-көпфункционалды дабылды жүйемен, 11-сағатпен, 9-вебкамерасы бар ноутбукпен, 1-дауыс шығаратын аппаратпен, 10-есту аппаратымен) қамтылды. Кресло арбамен 40 адам (6-ересектерге арналған бөлмелік кресло арбамен, 15-ересектерге арналған серуендік кресло арбамен 6-балаларға арналған бөлмелік кресло арбамен, 10-балаларға арналған серуендік кресло арбамен,3-жасөспірімдік серуендік кресло арбамен) қамтылды. Протездік-ортопедиялық құралдармен 50 адам (18-таяқпен, 8–жетек арбамен, 1-таяқ тіреуішпен, 2-балдақпен, 1-қақпақ ашқышпен, 1- жейде киюге арналған құрылғымен, 1- ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағышпен, 1 шұлық киюге арналған құрылғымен, 2 қол протезімен, 1 жаңа технологиялық жамбас протезі, 4-омырау протезі, 10-ортопедиялық аяқ киіммен) қамтылды.
Санатор курорттық емделуге жолдамамен 83 адам қамтылды. Облыстық сауықтыру орталығына емделуге 46 адам жолданды.
Міндетті гигиеналық құралдармен 2018 жылы 150 адам қамтуға жоспарланып, 130 мүгедек жөргекпен, 8 мүгедек нәжіс қабылдағышпен, 1 мүгедек несеп қабылдағышпен, 1 мүгедек кататермен,10 адам гигиеналық кремдермен қамтылып отыр .
Аудан бойынша 2018 жылы 17 ауылдық округтер арқылы 21 әлеуметтік қызметкер 71 жалғыз басты қариялармен мүгедектерге және 14 әлеуметтік қызметкер 49 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 51 бірінші топ мүгедегіне мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 51 жеке көмекші әлеуметтік қызмет көрсетілді. Ол мақсатқа 19789,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.
Мүгедек баласын үйден оқытып отырған 40 отбасына 1542,0 мың теңге қаралып, 1512,264 мың теңге игерілді. Коммуналдық қызметтер үшін 46 алушыға (ауған жауынгері, әскер жесірі, тыл еңбеккері) 7980 мың теңге қаралып, 7880,0 теңгесі игерілді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне байланысты 2428 адамға 54680 мың теңгенің бір жолғы көмегі төленді.
«Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» 2017 жылдың 4 мамырында құрылып, заңды мекеме ретінде тіркеліп Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы» бұйрығына сәйкес өз жұмысын бастады.
Мекеме ашылған уақыттан бастап мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдап қамтып отыр.
Орталықта отыз екі қызметкер жұмыс жасайды. Қызмет түрлері 8-бағыттан тұрады. Атап өтсек, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметттік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету.
Орталықта асхана, екі жатын бөлмесі, ойын және акт зал, қабылдау бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, сенсорлық және басқа да мамандар бөлмесі орналасқан. Алға қарай мекеме тек мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді ғана емес, егде жастағы мүгедектер мен қартарды қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта орталыққа ғимарат салынып берілуі үшін аудан әкімінің қаулысымен Самаркин елді мекенінен жер телімі берілді.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 12 айында жасаған жұмыстары жөнінде хабарлама
Аудан бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында мүгедек жандардың саны 3106 адам ( І топ - 193, ІІ топ- 1288, ІІІ топ - 1323,18 жасқа дейінгі мүгедек 302 бала (І топ - 4, ІІ топ- 18, ІІІ топ -17, 16 жасқа дейін бала -263) болып отыр.
Тифлотехникалық құралдармен 304 адам (24-оқу машинасы,32-термометрмен,10-тонометрмен, 32-сағатпен, 26-плейер, 35-ноутбук, 50-ұялы телефон, 35-тифлотаяқ, 10-брайль алмалы-салмалы әліппесі, 3-глюкометр,17-ине сабақтағыш, 9-брайл жазу құралы, 9-брайл жазу грифелі, 10-брайль жазу қағазы,2-брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал) қамтылды.
Сурдотехникалық құралдармен 94 адам (13-веб-камерасы бар ноутбукпен, 29-ұялы телефонмен, 21-көпфунционалды дабылды жүйемен,12-есту аппаратымен,19-нашар еститіндерге арналған сағатпен) қамтылды.
Кресло арбамен 78 адам (29-ересектерге арналған бөлмелік кресло арбамен, 33-ересектерге арналған серуендік кресло арбамен 8-балаларға арналған бөлмелік кресло арбамен, 6-балаларға арналған серуендік кресло арбамен, 1-жасөспірімдік серуендік кресло арбамен,1-жасөспірімдік бөлмелік серуендік арбамен) қамтылды.
Протездік-ортопедиялық құралдармен 128 адам (38-таяқпен, 6-таяқ тіреуіш, 28-ересектерге арналған балдақпен, 2-балаларға арналған балдақпен, 1-омырау протезі, 4-ортопедиялық аяқ киіммен, 7- балаларға арналған жетек арба, 4- ересектерге арналған жетек арба,1-ыдыс-аяқ ұстағыш құрылғы, 1-шұлық киюге арналған құрылғы) қамтылды.
Санатор курорттық емделуге жалпы ауру түрімен ауыратын 38 мүгедек Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы «Шипагер» шипажайына, маусым айында Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Бурабай демалу орнындағы «Береке» шипажайы «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығына 136 адам жолданды.
Ал 31 көз мүгедегі Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Спутник» шипажайына ем алуға жолданды.
Міндетті гигиеналық құралдар бойынша 2019 жылы 145 мүгедекті жөргекпен, 14 мүгедекті нәжісқабылдағышпен, 2 мүгедекті несепқабылдағышпен, 2 мүгедекті кататермен қамтылып отыр.
Аудан бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында 17 ауылдық округтер арқылы 22 әлеуметтік қызметкер 80 жалғыз басты қариялармен мүгедектерге және 14 әлеуметтік қызметкер 49 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Коммуналдық қызметтер үшін 61 адамға 10465,0 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне байланысты 2604 адамға 57380,0 мың теңгенің бір жолғы көмегі төленді.
64 бірінші топ мүгедегіне оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 64 жеке көмекшіге әлеуметтік қызмет көрсету үшін 29115,3 мың теңге төленді.
Мүгедек баласын үйден оқытып отырған 35 отбасына 1534,2 теңге төленді.