2018 - 2020 жылдары аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2018 - 2020 жылдары аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

          2018 жылы Құрманғазы ауданы бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 420 отбасындағы 2254 азаматқа 110533,2 мың теңгені жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

    Аз қамтылған отбасыларының коммуналдық шығындарын өтеу мақсатында облыс бойынша 62 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 5529,8 теңгені құрады.              

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша берілетін әлеуметтік көмек бойынша:

Аудандық мәслихаттың 11.12.2013 жылғы №258-V шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын І топ мүгедектеріне–2 АЕК,   ІІ топ мүгедектеріне–1,5 АЕК, ІІІ топ мүгедектеріне–1 АЕК, 18 жасқа дейінгі бала–мүгедектерге–2 АЕК мөлшерлерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2018 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша 254 мүгедекке, жалпы сомасы 9629,4 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

Өмірлік қиын жағдайына түскен аз қамтылған отбасыларға   2018 жылдың 12 айында 50 азаматқа, жалпы сомасы 1526,0 мың теңге бір жолғы көмек төленді.

Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп,               2018 жылда 175 адамға–жалпы сомасы 23256,3 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін білім және әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын сатып алу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 12 айында 1762 адамға  8810,0 мың теңге төленді.

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша (ШАК):

2019 жылдың желтоқсан айында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасы саны 951, алушы адам саны 5483. Еңбекке қабілеттілер барлығы-480 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен еңбекке жарамды адамдардың үлесі 21,3 пайызды құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері АӘК алушылар ішінен 77 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 145 адам тұрақты жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орнына                           2 адам,  қайта  даярлау курсына 2 адам жолданды. Республикалық бюджет арқылы  110533,2 мың. тенге төленді.

Тұрғын үй көмегі бойынша:

2019 жылдың 12 айында тұрғын үй көмегі 62 отбасынан  5529,8 мың теңге мөлшерінде төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша берілетін әлеуметтік көмек бойынша:

Аудандық мәслихаттың 11.12.2013 жылғы №258-V шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын І топ мүгедектеріне–2 АЕК,            ІІ топ мүгедектеріне–1,5 АЕК, ІІІ топ мүгедектеріне–1 АЕК, 18 жасқа дейінгі бала–мүгедектерге–2 АЕК мөлшерлерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2019 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша 254 мүгедекке, жалпы сомасы 9629,4 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

Өмірлік қиын жағдайына түскен аз қамтылған отбасыларға                        2019 жылдың 12 айында 24 азаматқа, жалпы сомасы 577,0 мың теңге бір жолғы көмек төленді.

Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2019 жылда 175 адамға–жалпы сомасы 28002,2 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

 

Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша (ШАК):

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 771 отбасынан 4490 адамға барлығы 411448,9 мың теңге жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасы саны 292, алушы адам саны 1756. Барлығы 111922,3 мың теңге қаржы төленді. Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың  саны - 1651 адам, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар саны-355 адам болса, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі 21,5 пайызды құрап отыр. 

Тұрғын үй көмегі бойынша:

2019 жылдың 10 айында 69 отбасындағы 366 адамға 2548,3 мың теңгенің тұрғын үй көмегі тағайындалса, ағымдағы жылдың 10 айында тұрғын үй көмегі 3 отбасынан 15 адамға 108,3 мың теңге мөлшерінде төленді.

Бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтерінің мүгедектеріне ай сайынғы берілетін әлеуметтік көмек

Аудандық мәслихаттың 11.12.2013 жылғы №258-V шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын І топ мүгедектеріне – 2 АЕК,                ІІ топ мүгедектеріне – 1,5 АЕК, ІІІ топ мүгедектеріне – 1 АЕК, 18 жасқа дейінгі мүгедектерге – 2 АЕК мөлшерлерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2019 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша 236 мүгедекке жалпы сомасы 7485,8 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленсе, биылғы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 244 мүгедекке жалпы сомасы 9334,7 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді.

Аз қамтылған 2019 жылдың 10 айында 24 адамға 577,0 мың теңге бір жолғы көмек төленсе,  2020 жылдың 10 айында 15 адамға 732,0 мың теңге бір жолғы көмек төленді.

Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау белгіленіп, 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 172 адамға жалпы сомасы 21917,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі тағайындалып, төленсе, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 137 адамға 21266,5 мың теңгесі төленді.

2018 - 2020 жылдары аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
03 декабря 2020