Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
Құрманғазы ауданы бойынша жоспарының 2025 жылғы орындалысы туралы
Жалпы тіл саясатын жүзеге асыруда тіл құрылымдарының басшылыққа алатын негізгі құжаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қазандағы №914 қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен іс-қимыл жоспары» және Атырау облысының әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы №236 «Қазақстан Республикасындатіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан көлемінде арнайы іс-шара жасақталып аудан әкімінің қаулысымен бектіліп жүйелі жұмыстар жүргізіліп, көзделген көрсеткіштерге де қол жеткізілуде.
1.Жергілікті атқарушы органдарға, жеке кәсіпкерлерге көрнекі ақпаратты дұрыс жазу, бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру: аталған бағыттар 6 акция өткізілді.
2.Кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға сәйкес жергілікті кәсіпкерлер арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.
3.Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізіліп отырады, аудандық ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік бөлімімен бірлескен түрде жеке кәсіпкерлерге нысандарды атау таңдауда әдістемелік көмек көрсетілді.
4.Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау: Аудандық «Серпер» газетіне тіл саясатын жүзеге асыру бағытында «Сот қазақ тілінде», «Тіл мәртебесі- ел мерейі», Тіл-руханият өзегі», «Тілді сақтауда тәуекелшіл қадамдар қажет», «Тілдік норманы сақтау –ұлттық бірегейлікті сақтау», «Өз тілінді құрметте» тақырыптарында өткен жыл ішінде шыққан мақала саны -7
5.Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру: Бөлімге қарасты барлық мәдени мекемлерде және орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша мемлекеттің тіл саясатын жүргізу, қазақ тілін насихаттау мақсатында өткен жыл ішінде түрлі шаралар ұйымдатырылып өткізілді.Атап айтқанда, «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» атты кездесу кеші, «Тіл бірлігі-мемлекеттік тәуелсіздігінің кепілі» атты сұхбаты, «Бір тіл-бір ел-бір тағдыр» атты дөнгелек үстелі, «Ел тілегі – халықтар достығы» атты тіл мерекесі өтті. «Әдебиет биігіндегі тұлға» тақырыбындағы кітап көрмесі, «Жырым менің – жанарым елге қарар» челледж, Жұмекен – ойлы өлеңнің құдыреті» поэзия кеші,«Парасат тұнған поэзия» Фариза оқулары,«Жүрегі жырмен тербелген» атты мәдени шаралар өткізілді. Шаралардың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тәуелсіз еліміздегі халықтар достығы мен ынтымақтастығын насихаттау, мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін дамытуға жұмылдыру.
Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу: аудан көлемінде барлық бұқаралық мәдени,спорттық шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі
2025 жылдың 23 қазан күні сағат 11:00-де Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп базасында аудан деңгейінде 100 адамды қамтитын «Ұлттық диктант» шарасы ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, квази сектор қызметкерлері, белсенді жастар қатынасты.
2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты кемінде бір ордені бар соғыс ардагерлерінің есімдерін құрамдас бөліктерге беру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бір реттік тапсырмасына сәйкес Құрманғазы ауданы бойынша (Құрманғазы, Ақкөл және Еңбекші ауылдық округтерінде) 6 соғыс ардагерінің құрметіне көше атауы берілді.
Республикалық ономастикалық комиссия бекітілетін 2026 жылғы «Жол картасына» Сафон ауылдық округін - Ынтымақ ауылдық округі, Сафон ауылын- Ынтымақ ауылын етіп өзгерту енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдастық жиналысы өткізіліп, Бірлескен шешім шығарылып, облыстық комиссияға жолданды.
Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақ тілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру: бөлімге қарасты мәдени мекемелерінде өткен жыл ішінде «Қажымұқан» кинофильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды, сонымен қатар жүйелі түрде балаларға арналаған қазақ тіліндегі мультфильдер, балалар кино фильмдері кішкентай көрермендер назарына ұсынылды.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту
дене шынықтыру және спорт бөлімі
басшысының міндетін атқарушы: А.Мукашев