Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының»
2020 жылдың алғашқы 10 айында аудан көлемінде орындалысы жөнінде хабарлама.
2020 жылдың басында аудан бойынша барлық халық саны 59514 адам, оның әлеуметтік белсенді топқа жататыны 35722 – адам болды.
2020 жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша еңбек делдалығы үшін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметіне 3011 адам жүгініп, оның 2685-і жұмыссыз ретінде тіркелді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандары – 1890 адам, оның: әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгені-33 адам, жастар тәжірибесіне жіберілгені – 127 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқаны – 1175 адам, облыстық және аудандық мекемелерге жолданғандары – 578 адам.
2020 жылдың 10 айының мәліметі бойынша тіркелген жұмыссыздар саны – 2372 адам (жұмыссыздық деңгейі 6,6%).
Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімдік қайта даярлау оқуларына 60 жұмыссыз оқытылады деп жоспарланып, оған 11102,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазан айында барлығы 60 жұмыссыз Атырау қаласындағы оқу орындарына жіберілді (9 -маникюр, 8- тігінші, 11- шаштараз, 5-аспазшы, 2- массажист, 9- жылу қазаны операторы, 4-бет әрлеуші, 10 –дәнекерлеуші, 2-стропальщик). Тамыз, қыркүйек, қазан айларында 6702,0 мың теңге қаржысы игерілді. Маникюр, шаштараз мамандығын оқып шыққан 2 адам грант алып, кәсіптерін ашты.
Екінші бағыт
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2020 жыл басында 52 адамға несие беру, 100 адамға мемлекеттік гранттар беру жоспарланған. 2020 жылдың 10 айында 44 адам 188693,8 мың теңге несие алды. 100 адам 55306,0 мың теңге мемлекеттік грант алып, кәсіптерін ашты.
Жыл басынан 134 адам «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқып, бітіріп, 134 адам сертификат алды.
Үшінші бағыт:
2020 жылы Бұл бағыт бойынша орталық тарапынан атқарылуға тиісті жұмыстар жоспарлы атқарылып келе жатыр.
1) әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 25 адамға 5775,0 мың теңге қаржы қаралған. Жыл басынан бастап 33 адам 25 жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтарында ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Игерілген қаржысы 4460,5 мың теңге.
2) жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 160 адамға 60600,0мың теңге қаржы игерілуі қажет. Жыл басынан бастап 127 адам 53 мекемеге жастар тәжірибесіне тәжірибеден өтуге жолданды. Игерілген қаржысы 23656,0 мың теңге.
3) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жыл басында 1169 адамға 367270,0 мың теңге қаржы игерілуі қажет. Жыл басынан бастап 1175 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Игерілген қаржысы 256494,0 мың теңге. Жыл соңына дейін жоспар орындалады.
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша.
"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға Құрманғазы ауданында екі нысанның жұмыс жоспарланып, 190 жаңа жұмыс орны ашылып, 95 жұмыссыз адам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру қажет. Күні бүгін осы екі нысанда 190 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұмыссыздар қатарынан 107 адам жұмысқа жолданды.
Соның ішінде Сүйіндік-Асан-Үштоған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылысы бойынша мердігер «Болат-Д» ЖШС. Сүйіндік-Асан-Үштоған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылысы жұмыстарына мердігер мекеме 166 жұмыс орнын ашып, оның 83-ін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен алып отыр. Күні бүгінге жоспар толық орындалды.
Екінші нысан Сүйіндік орта мектебінің интернатын күрделі жөндеуден өткізу бойынша мердігер «Игілік» ЖШС . Бұл жоба бойынша жоспар толық орындалып отыр. Барлығы 36 жұмыс орны ашылып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жоба толықтай актпен тапсырылды.
Төтенше Жағдай кезіндегі шектеуге байланысты жұмыс берушілерде жұмыстар тоқтап тұруына себепті тұрақты жұмыс орындарының ашылуы аз болуда. Жыл басында берілген 740 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары 10 айда 578 адам болып, 78,1 % орындалды. Жыл соңына дейін жоспарды орындау бағытында жұмыстар жасалуда.
2020 жылдың 10 айында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасы саны-300, алушы адам саны 1806.
Соның ішінде Шартты ақшалай көмек алушы отбасы саны-277 ондағы көмек алушы адам саны-1689 адам. Шартсыз ақшалай көмек алушы отбасы саны-23, ондағы көмек алушы адам саны 117.
2020 жылдың басында мәртебесі анықталмаған 2056 адам қалды. 10 айда 2048 адамның мәртебесі анықталып, күні бүгінге министрлікпен мәртебелерге өзектендірілу жұмыстары 435 адамға жүргізіліп жатыр. Олар: нәтижесіз өзін-өзі қамтығандар-241, тіркелмеген жұмыссыздар-73, бала күтімімен отырғандар-2, формализациядан бас тартқандар-118 адам. Мәртебесі анықталмаған - 8 адам. Бұл адамдардың мәртебесін анықтау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жалғаса беретін болады.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директоры Б.Утеулиев