«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2019 жылдың 12 айында аудан көлемінде орындалысы жөнінде хабарлама.
Құрманғазы ауданы бойынша барлық халық саны жыл басында - 58770 адам, оның әлеуметтік белсенді топқа жататыны 35169 - адам.
Еңбек делдалығы үшін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметіне 2604 адам жүгініп, оның 1259 адам жұмыссыз ретінде тіркелді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандары – 2351 адам, оның әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгені -33 адам, жастар тәжірибесіне жіберілгені – 135 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқаны –1109 адам, облыстық және аудандық мекемелерге жолданғандары – 1074 адам.
2019 жылдың желтоқсан айының мәліметі бойынша тіркелген жұмыссыздар саны –1259 адам (жұмыссыздық деңгейі 3,6%).
1-бағыт бойынша «техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға» 40 жұмыссыз және қысқа мерзімдік қайта даярлау оқуларына 155 жұмыссыз оқытылады деп жоспарланған. Оған 11102,0 мың теңге қаржы қаралған. Атырау қаласында ЖШС IQ Group оқу орталығына 77 -адам жылу қазаның операторы мамандығына жолданып, 77-адам жылу қазаның операторы мамандығын аяқтады. 2 адам әрлеуші мамандығына жолдама алып оқып жатыр. Атырау қаласында Салюс Оқу орталығына 2 адам- маникюр мамандығына, 2 адам оператор ЭВМ мамандығына, 2 адам шаштараз мамандығына оқуға жолданды. Құрманғазы аудандық агро-техникалық колледжіне аспазшы мамандығына 9-адам жолдама алып оқып жатыр. Атырау қаласында Құлагер Оқу Орталығына жүргізуші мамандығына (В,С,Д) категориясына -9 адам жолдама алып жолданды. 9079,0 мың теңге қаржы игерілді.
Жұмыс берушілер арқылы оқыту бойынша Атырау қаласында «CCC» компаниясының ұйымдастыруымен «APEK» петро-техникалық колледжіне «сварщик» мамандығына 5 адам, «трубомантажник» мамандығына 12 адам, «электрик» мамандығына 13 адам, «ағаш шебері» мамандығына 9 адам, Стропальщик мамандығына-10 адам, Лесомантажник мамандығына-5 адам барлығы 54 адам қайта даярлау оқуына жолданды. 2019 жылдың тамыз айында 27 адам мамандықтары бойынша оқуды аяқтап отыр. Барлығы 68 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Екінші бағыт: Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 50 адамға несие беру, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 125 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. 2019 жылдың 12 айында Бастау Бизнес бағдарламасы арқылы (I,II,III) Кезең бойынша 380 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып бітіріп, 113 адам несие алу үшін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алды. Күні бүгін 74 адам 291,525,0 мың теңге шағын несие алып кәсіптерін ашты. Атап айтқанда: мал шаруашылығына -42 адам, сауда саттыққа- 16 адам, тігін шеберханасын ашуға- 6 адам, адам тасымалдауға -10 адам.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша мемлекеттік гранттар беру жыл басында 142 адамға жоспарланып 69185,0 қаржы бөлінді, 12 айдың қорытындысымен 116 адам грант алып 56307,5 теңге қаржы игерілді. Мемлекеттік грант иегерлері түрлі кәсіптерін ашты, атап айтқанда 43 адам мал шаруашылығы (жылқы, сиыр, қой) дамыту бағытында, 3 адам құс шаруашылығымен, түрлі тағамдар пісіріп сатумен 9 адам, 3 адам автокөлікке қызмет көрсету орталығы, 6 адам көшірме орталығы, 13 адам шаштараз кызметін көрсету, 13 адам тігін цехын ұйымдастыру, 7 адам тырнақ әрлеу және тағы басқа тұрмыстық техника жөндеу, музыкалық аспаптар жасау сынды түрлі бағыттар бойынша жұмыстарын бастап кетті.
Үшінші бағыт: Бұл бағыт бойынша орталық тарапынан атқарылуға тиісті төмендегі жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр.
1) әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 2019 жылға 25 адамға 5775,0 мың теңге қаржы қаралған. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 33 адам 17 жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтарында ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп 5294,0 мың теңге қаржы игерілді.
2) жастар практикасын ұйымдастыру бойынша жыл ішінде 95 адамға 32194,0 млн теңге қаржы қаралды. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 135 адам 68 мекемеге жастар тәжірибесіне тәжірибеден өтуге жолданып 32194,0 мың теңге қаржы игерілді.27-адам тұрақты жұмысқа орналасты.
3) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жылға 800 адамға 272473,0 мың теңге қаржы қаралды. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап 1109 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып 272743,0 мың теңге қаржы игерілді. 54-адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жыл басынан бері аудан аумағында бос жұмыс орындарына шетелдік компаниялардан 390 бос жұмыс орындарына сұраныстар түсті (олар: «ККТС» ЖШС- 45 орын, «Сичим» ЖШС-13 орын, «PromGaz» ЖШС-7 орын, «Фиркрофт Инжинирнг Сервисес Лимитед Казахстан»- 2 орын, «Атырау Bilding» -6 орын, «Nexus Kazakhstan»-15 орын, Capital Complex Catering-25 орын, «ККС Сичим» -25 орын, «Болашақ Атырау» - 6 орын, «Компания Темірәлі» -20 орын, «Консолидейтид Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л-Офшор»- 86 орын, «Денхолм Жолдас» -23 орын, «СОС Reality» - 17 орын, «Kuan Trans Logistik» -6 орын, «KMG NABORS»- 2 орын, «АПЧС» -7 орын, «Мұнай көлік» ЖШС-2 орын, «Платинум Универсал Компании» -47 орын, «Kaz Project Operating»- 15 орын, «КазСтрой Премиум» -10 орын). Осы жұмыс бос жұмыс орындарына орналасқандар саны 120 адам.
2019 жылдың 12 айында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек 1032 отбасындағы 5940 адам. Соның ішінде Шартты ақшалай көмек алушы отбасы саны-902 көмек алушы адам саны- 5312 адам, ал Шартсыз ақшалай көмек алушы отбасы саны-130, ондағы көмек алушы адам саны- 628 адам. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқандар саны-114, тұрақты жұмысқа орналасқандар саны-61, қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны-35, кәсіби оқуға жолданғандар саны-16, Жастар тәжірибесіне қатысқандар саны-2.
АӘК тағайындау барысында І-ІІ-III-IV тоқсан қорытындылары бойынша кірісінде өзгерістер болып қайта есептеулер жасалды. Нәтижесінде 227 өтініш берушіге 28705936,0 теңге қаржы қате тағайындалып қазір осы қаржыны мемлекетке қайта қайтару жөнінде хабарлама берілді.
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша биылғы жылы ауданымызда құрылысы басталған «Астрахань-Атырау» жобасын жеңіп алған «БК Сине Мидас Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 2 рет 11 адамға сұраныс түсті, Бүгінде 60 шақырым жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландыруда, бұнда жұмысқа алынған адамдар саны 106 адам, олардың 56-сы аудан бойынша, 40 адам біздің орталыққа тіркелген жұмыссыздар қатарынан жұмысқа алынды.
2019 жылдың желтоқсан айында Бірыңғай жиынтық төлем төлеуді аудан бойынша 700 адам төлем төлеген. БЖТ төлеуді насихаттау бағытында ауданның барлық ауылдық округтерінде тұрғындармен жиналыс өткізіліп түсінік жұмыстары жүргізілді. 3-рет аудандық газетке осы жөнінде мақалалар берілді, аудан орталығындағы «Мерей» сауда үйіне, Халыққа қызмет көрсету орталығында, аудандық газбен қамсыздандыру мекемесінде БЖТ төлеу жөнінде түсінік беретін бильбордтар орнатылды.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жалғаса беретін болады.