Құрманғазы ауданы бойынша «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2018 жылдың 12 айында аудан көлемінде орындалысы жөнінде хабарлама.
Құрманғазы ауданы бойынша барлық халық саны жыл басында - 58653 адам, оның әлеуметтік белсенді топқа жататыны 34935 - адам.
Еңбек делдалығы үшін орталыққа жүгінгендер саны – 2942 адам, бос жұмыс орындарына жолданып, жұмысқа орналасқандары – 2559 адам, оның: әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгені – 41 адам, жастар тәжірибесіне жіберілгені – 140 адам, қоғамдық жұмыстарға қатысқаны – 1188 адам, облыстық және аудандық мекемелерге жолданғандары –1190 адам. 2018 жылдың желтоқсан айының мәліметі бойынша тіркелген жұмыссыздар саны – 1315 адам (жұмыссыздық деңгейі 3,8 %).
1-бағыт бойынша «техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға» 40 жұмыссыз және қысқа мерзімдік қайта даярлау оқуларына 118 жұмыссыз оқытылады деп жоспарланған. Оған 11102,0 мың теңге қаржы қаралған.
2018 жылдың 12 айында қысқа мерзімдік курстарына 68 адам жолданды. Оның ішінде Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжіне57 жұмыссыз 12 адам «оператор ЭВМ», 21 адам-«аспаз», 11 адам-«тракторист» 13 адам «шаштараз» мамандығын оқып бітірді. Атырау қаласындағы оқу орталықтарына 11 жұмыссыз «Сварка» оқу орталығына, 2 адам «трубомонтажник», 5 адам - «дәнекерлеуші», «Салюс» ОО-на 3 адам - «1 С бухгалтер, 1-адам «маникюр» мамандығын қайта даярлау курстарын оқып бітірді. Барлық оқығандардың ішінен 21 адам жұмысқа орналасты. Қысқа мерзімді оқуды ұйымдастыруға жоспарланған 11102,0 мың теңге қаржы толықтай игерілді.
Атырау қаласында «CCC» компаниясының ұйымдастыруымен «АPEK» петро-техникалық колледжіне «дәнекерлеуші», «трубомонтаж», «плотник» мамандықтарына осы жылдың 12 айында барлығы 80 адам қайта даярлау курстарына жолданды. Оның 15-і ағаш шебері, электрик, құбырмантаждаушы, дәнекерлеуші мамандықтары бойынша оқып жатыр. 2018 жылдан бері қысқа мерзімді оқуларын оқығандардың ішінен 38 адам жұмысқа орналасты
Екінші бағыт:
Бастау-Бизнес бағдарламасы арқылы несие алу мақсаты бар жұмыссыздар, нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, тіркелмеген жұмыссыздар, ашылғанына 3-жыл толмаған кәсіпкерлер қатарынан барлығы 257 адамды 1 айлық курстарда аудан орталығында оқыту жоспарланған. 12 айда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы аудан орталығында 5 және Азғыр өңірінде І топта 262 адам оқыды. 12-айда 61 адам әр түрлі бағытта 152,7 млн теңге шағын несие алып, кәсіптерін ашты.
Сонымен бірге осы жылда қысқа мерзімдік курста оқыған 3 адам қайтарымсыз 100 айлық есептегіш мөлшеріне дейін (240,0 мың теңге) барлығы 721,5 мың грант алды.
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға (ИКИ) 11400,0 теңге аудандық құрылыс бөлімі арқылы қаржы бөлінген. Күні-бүгін осы бөлім арқылы мемлекеттік сатып алу арқылы 4 комплект күн батарейкалары сатып алынып, орнатылды.
Үшінші бағыт: Бұл бағыт бойынша орталық тарапынан атқарылуға тиісті жұмыстар жоспарлы атқарылуда.
1) әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 26 адамға 5775,0 мың теңге қаржы қаралған. желтоқсан айында 41 адам 19 жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтарында ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 12 айда 5775,0 мың теңге қаржы игерілді.
2) жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 85 адамға 30,664 млн теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 140 адам 32 мекемеге жастар тәжірибесіне тәжірибеден өтуге жолданды. 12 айда 30,664 млн теңге қаржы игерілді.
3) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 750 адамға 179747 мың теңге қаржы қаралып, жыл басынан бері 1188 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оларға 179747 мың теңге қаржы игерілді.
4) Бағдарламаның үшінші бағыты «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2018 жылға Құрманғазы ауданында күрделі жөндеу жұмыстары 2 ауылдық округте Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебіне, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары маусым айында жүргізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. 2 нысандыда күрделі жөндеу жасауға Шымкент қаласынан мердігер мекеме ЖШС «Экспресс Строй Сервис» ұтып алып, 9 адамды жұмысқа орналастырды.
2018 жылдың желтоқсан айында жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасы саны 420, алушы адам саны 2254. Еңбекке қабілеттілер барлығы 474 адам, атаулы көмек алушы адам саны 2254, оның ішінде еңбекке жарамды адамдардың үлесі 20,8 пайызды құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері АӘК алушылар ішінен 77 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 145 адам тұрақты жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орынына 2 адам, қайта даярлау курсына 2 адам жолданды.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жалғаса беретін болады.