Құрманғазы ауданы бойынша "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет.
"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға Құрманғазы ауданында екі нысанның жұмысы жоспарланып, "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы шеңберіндегі бірінші нысан Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылысының құны 662337,0 мың теңге. Жеңімпаз мердігер «Болат-Д» ЖШС болып белгіленді. Бұнда 166 жаңа жұмыс орны ашылып оның 83-і халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар қатарынан алынуы керек. Екінші нысан Сүйіндік орта мектебінің интернатын күрделі жөндеуден өткізу жұмысының құны 95375,0 мың теңге. Бұнда 24 жұмыс орны ашылып 12 адам халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар қатарынан алынуы керек. Жеңімпаз мердігер «Игілік» ЖШС болып белгіленді. Жоспар бойынша барлығы екі нысанда 190 жаңа жұмыс орны ашылып, 95 жұмыссыз адам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру қажет. Күні бүгін осы екі нысанда 202 жұмыс орны ашылып, жергілікті жұмыссыздар қатарынан 107 адам жұмысқа жолданды.
Соның ішінде Сүйіндік-Асан-Үштоған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылысы бойынша мердігер «Болат-Д» ЖШС. Сүйіндік-Асан-Үштоған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылысы жұмыстарына мердігер мекеме 166 жұмыс орнын ашып, оның 83-ін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен алып отыр. Күні бүгінге жоспар толық орындалды.
Екінші нысан Сүйіндік орта мектебінің интернатын күрделі жөндеуден өткізу бойынша мердігер «Игілік» ЖШС . Бұл жоба бойынша жоспар толық орындалып отыр. Барлығы 36 жұмыс орны ашылып, оның 24-ін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен алып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жоба толықтай актпен тапсырылды.