Құрманғазы ауданыңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2025 жылы көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары

Құрманғазы ауданыңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2025 жылы көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары

 

2009 жылдан бері Құрманғазы ауданында «Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында ауылдық жерлерге келген мамандарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Аталған     бағдарлама    бойынша     2025 жылы білім беру саласының 15 маманы, мәдениет саласының 1 маманы,    денсаулық   сақтау саласының 17 маманы, ветеринария саласының 3 маманы және                    4 мемлекеттік қызметші, барлығы 40 маман біржолғы көтерме жәрдемақы алды. Көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК, жалпы  бөлінген қаржы мөлшері 15 728,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 8 маманға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. Оның ішінде аудан орталығында қызмет ететін 5 маманға – 2 500 АЕК, ауылдық елді мекендерде еңбек ететін 3 маманға – 2 000 АЕК көлемінде қолдау көрсетілді. Жалпы  несиеге бөлінген қаржы мөлшері 72 742,0 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда ҚР-сы Ұлттық    экономика  министрінің     2014     жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары»   №72 бұйрығымен аталған әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.

Бұл қолдау шаралары ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға және олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасауға бағытталған.

 

 

 

Құрманғазы ауданыңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2025 жылы көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары
Дата публикации
17 февраля 2026