Құрманғазы ауданында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді қарау бойынша ақпарат
2026 жылдың қаңтар айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 134 өтініш тіркелді.
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 59%-ға артып отыр. (2025 жылдың қаңтар айында - 79 өтініш түскен).
Оның ішінде, арыздар-63, шағымдар-15, сұрау салу, үн қосу, хабарламалар -50, ұсыныстар -6.
Аудан әкімі аппаратына-77, ауылдық округ әкімі аппараттарына-36, ауданның дербес бөлімдеріне-21 өтініш түсті.
Барлығы 87 өтініш қаралды. Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер: заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені- 59, оң шешілгені - 12, қараусыз қалдырылғаны– 9. Орындалу үстінде – 42, құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға 7 өтініш қарауға жіберілді.
«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды:
ТОП -1: Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 35;
ТОП -2: Жер қатынастары мәселесі бойынша өтініштер саны -31;
ТОП-3: Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша- 4.
Соның ішінде, жер мәселесі бойынша- 9 өтініш оң шешілді.
2026 жылдың қаңтар айында аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 27 қабылдау ұйымдастырылып, 62 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 15 өтініш оң шешілді, 41 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді, 6 өтініш қаралуда. Оның ішінде, аудан әкімімен 4 қабылдау ұйымдастырылып, 15 азамат жеке қабылданды.
Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы
2026 жылдың қаңтар айында АҚО-на келген азаматтардың жалпы саны –73 болды. Оның ішінде: кеңес алғандар саны - 29, жеке қабылдау саны- 14, МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны - 44 болды.
2026 жылдың қаңтар айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 134 өтініш тіркелді. Соның ішінде, орталықта тіркелген өтініштердің саны – 71-ді құрады.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.
Ескертпе: 2026 жылдың 1 тоқсанына арналған жергілікті атқарушы органдар басшыларының Азаматтарды қабылдау орталығындағы азаматтарды қабылдау кестесімен және ауылдық округ әкімдерінің азаматтарды қабылдау күндерінің кестесімен, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша тұрғындардың ең жиі қоятын сұрақ-жауаптарымен gov.kz ресми прақшасынан танысуға болады.