Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Халыққа қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындауымен қатар, тұрғындарды қабылдау барысында қатаң әдеп нормаларын ұстануы тиіс. Көрсетілетін әр түрлі мемлекеттік қызметтің сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Сондықтан да оны жетілдіре түсу, қызмет көрсету сапасын арттыру-бүгінгі күні кезек күттірмейтін мәселе.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілуде, 2025 жылға өтініш түскен жоқ.
(Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 4 жұмыс күні, Электронды www.egov.kz)
Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы №883 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» сәйкес жүргізілді, 2025 жылға 75 өтініш түсіп қанағаттандырылды.
(Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, электронды)
Аталған қызмет түрі, ""Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №371 бұйрығына сәйкес жүргізіледі, 2025 жылға өтініш түскен жоқ.
(Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күні, Электронды www.egov.kz)
Аталған қызмет түрі, "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жүргізілді, 2025 жылға 110 өтініш түсіп қанағаттандырылды.
(Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күні «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz)
Аталған қызмет түрі, «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №441 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі, 2025 жылға 348 өтініш түсіп, оның ішінде 206 кезекке қойылып, 142 кері қайтарылды құжаттары толық және сәйкес келмеуіне байланысты.
Аталған қызмет 2025 жылдың 24 мамыр күнінен бастап «Отбасы банк» АҚ-мы арқылы көрсетіледі.
(Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күні «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz)
Аталған қызмет түрі, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі, 2025 жылға өтініш түскен жоқ.
(Күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүреді).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес келіп түскен өтініштер мерзімінде қаралып, жауапкершілікпен орындалып отыр.
Бөлімнің мамандары мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрғындар сұрақтарына жауап беріп отырады. Өзіндік жеке электрондық цифырлық қолданбасы негізінде Е-gov порталынан цифрлық сауаттылықты арттырып, керекті құжатты өз бетінше алуға барлық мүмкіндік жасалған.
Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі